AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел бірлігі – ертеңіміздің кепілі

Ел бірлігі – ертеңіміздің кепілі

Әлеумет 25.02.2022, 11:13 1,310 Оразақ СМАҒҰЛОВ, Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық ғылым академиясының академигі
Ел бірлігі – ертеңіміздің кепілі
egemen.kz

Жыл басында елімізде қаңтар оқиғасы, қаралы қаңтар деп орын алған әлеуметтік-саяси дағдарыстан кейін талай шындықтың беті ашылып, қоғамда белгілі бір дәрежеде серпіліс болғаны рас. Шындық пен ақиқаттың, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ашып, осы бір келеңсіз дүрбелеңге алып келген қандай жағдаят екенін уақыт еншісіне қалдыра тұрып, ендігі жерде еліміздің ертеңі қалай, қай бағытта дамиды, тоқырау заманының жағымсыз әсерлерінен қалай арыламыз деген сауал бүгінде әрбір қазақты, әрбір қазақстандықты толғандырады деп ойлаймын.


Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру туралы бастамасы дер кезінде көтерілген тарихи тапсырмалар мен жоспарлар деп айтуға болады. 30 жыл бойы қарапайым халықтың көкейкесті арман-мүдесі болып келген ең өзекті мәселелер мен өкінішті жағдайлар ашық айтылды. Байлар мен кедейлердің аражігі тым алшақтап кеткені, жең ұшынан жалғасқан парақорлық, желдей ескен жағымпаздық, әлеуметтік теңсіздік, т.б. өзекті мәселелерді дұрыс шешу  Президенттің тапсырмасында толық қамтылған екен. Ендігі жерде қарапайым халықтың арасынан шыққан белсенді азаматтар, саяси көш басшылар, зиялы қауым өкілдері Президенттің маңайына топтасып, бірлесе жұмыс атқарғандары абзал. Президентке сене де білуіміз керек. Сенім арта білуіміз де ауадай қажет-ақ. Әлемдегі орын алып жатқан түрлі саяси ойындарға, қақтығыстарға дұрыс баға бере отырып, тікелей арласпай, бейтарап бағыт ұстану абзал болар еді...



Еліміздің іргесі шайқалып, болашағымыз бұлыңғыр күйге түскен сын сағатта Президент Тоқаев дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, халқына адал, табанды, батыл  басшы екенін көрсете білді. Бір қауіпті кезеңнен халқымыз аман қалды. Бұдан былай қолдағы жетістіктерімізді қадірлеп, өткеннен сабақ алып, Президент маңына топтасып, ел болашағының жарқын болуы жолында нақты игілікті істер атқаратын кез келген сияқты. Өткен жылдарда жіберілген олқылықтарды толтыру жолында әрқайсымыз аянбай еңбектеніп, әр қазақ өз ұлты үшін пайдалы іс-шаралардың жүзеге асуына үлес қосуымыз керек.



Біріншіден, бұрынғыдай көзбояушылық, әсіресе, мақтау мен жағымпаздық, жемқорлық, жершілдік, т.б. жағымсыз түкке тұрғысыз нәрселерден біржолата арылуымыз қажет-ақ. Нағыз шыншыл, батыл, әділ шешім қабылдайтын ел тізгінін ұстанған белсенді азаматтар тобын қалыптастыру керек. Сонда ғана біз әлемдегі өркениетті елдер сапына қосыламыз.


Сан ғасырларға тамыры жайылған , ұлы дала төсінде ізі сайрап жатқан кешегі көшпенді тайпалар мен ұлыстардың жиынтығынан құралған қазақ халқының болашағы өте зор деп ойлаймын. Еуразия құрлығында орналасқан Қазақстан Республикасы, біле білсек, берісі кешегі Қазақ хандығының заңды мұрагері екенін әрбір қазақ мақтан етуіміз қажет. Сонда ғана өткеніміз бен бүгінгі тарихымызды саралап, талдау жасау, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды боларына сөз жоқ. Олай болса, айналайын жастар, замандастар, алтын бесік - Қазақ елінің  тәуелсіздігі мен тыныштығын қадірлей білейік, қорғай білейік дегім келеді.  Елдің бірлігі – ертеңіміздің баянды болуының кепілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #Қазақстан #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Бүгін 15:44

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 14:52

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);