Экономиканың тамыры - топырақта: ауыл шаруашылығындағы мүмкіндіктер

Экономиканың тамыры - топырақта: ауыл шаруашылығындағы мүмкіндіктер Сурет: жасанды интеллект

Қазақстанның ауыл шаруашылығы: 2024 жылғы өсу динамикасы және өңірлік тепе-теңдік

Ауыл шаруашылығы - елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін анықтайтын негізгі салалардың бірі. 2024 жылғы көрсеткіштерге қарап, бұл саланың даму серпіні мен өңірлік ерекшеліктерін бағамдауға болады. 

Мамандардың айтуынша, өнім көлемінің өсуі агротехнологиялардың жетілуі мен ауа райы факторларымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларымен де тығыз байланысты. Алдағы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы экспорттық бағыттарға ден қойып, қайта өңдеу саласын күшейтуге бет алуы ықтимал. 

2024 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы айтарлықтай серпінмен дамыды. Әсіресе өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемінің күрт артуы елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Сала ішіндегі құрылымдық теңгерім, өңірлік мамандану және өнімділік көрсеткіштері ел агросекторының болашағына бағдар береді. 

Сурет: Egemen.kz

Жалпы көрсеткіш: 13,6% өсім.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2024 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8 363,6 млрд теңгеге жетіп, нақты өсім 13,6%-ды құрады. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары жылдық өсімдердің бірі саналады.

• Өсімдік шаруашылығы – +20,8%

• Мал шаруашылығы – +3,7%

Өсімнің айтарлықтай жоғары болуына не әсер етті? 

Негізгі себеп – дәнді және бұршақты дақылдардың жоғары өнімділігі. Ауа райының қолайлы болуы, тұқым мен технология саласына салынған инвестициялар және өңдеудің сапалық артуы нәтижесінде:

• Дәнді дақылдардың жалпы жиналымы – 25,2 млн тонна

• Оның ішінде бидай – 18,6 млн тонна

• Өнімділік – бидайда 14,2 ц/га, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Қай өңірлер негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді?

Еліміздің ауыл шаруашылығына 2024 жылдың қорытындысы бойынша келесі өңірлер үлкен үлес қосты:
    • Түркістан облысы – 12,2%;
    • Ақмола облысы – 11,7%;
    • Солтүстік Қазақстан облысы – 11,3%;
    • Қостанай облысы – 9,0%;
    • Алматы облысы – 8,1%.

Оңтүстік өңірлер (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) көкөніс, бақша және тамыр дақылдарын өсіруге маманданған. Түркістан облысы ел бойынша көкөністердің жалпы жиналуының 32,5% қамтамасыз етеді.

Солтүстік өңірлер (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) дәстүрлі түрде дәнді дақылдарды, әсіресе бидайды өсірумен айналысады. Мысалы, бұл аймақтардағы бидайдың үлес салмағы республикалық деңгейдің 23% - дан 26% - на дейін үлесін құрайды.

Қазақстанда қандай дақылдар мен мал түрлері басым өсіріледі?

Қазақстанның ауыл шаруашылығы жалпы өнім шығару құрылымы бойынша өсімдік шаруашылығының (60,2%) мал шаруашылығына (39,6%) үстемдігімен сипатталады.

Өсімдік шаруашылығы:
    • Дәнді дақылдар – ауыл шаруашылығының немесе өсімдік шаруашылығының жалпы шығарылымында 24,2% (оның ішінде бидай – 19,0%, арпа – 2,6%);
    • Майлы дақылдар – 6,1% (оның ішінде күнбағыс тұқымдары – 3,0%);
    • Көкөністер мен бақша дақылдары, түйнек және тамыр дақылдары – 16,4% (картоп – 4,4%, қызанақ – 2,3%, бақша дақылдары – 2,1%).

Мал шаруашылығы:
    • шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген малдың барлық түрінің еті – 23,1%, оның ішінде ІҚМ – 9,7%, құстар – 4,6%
* сүт өндірісі – 13,8%;
* жұмыртқа өндірісі – 2,2%.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны:
    • Ірі қара мал (ІҚМ) – 8,0 млн бас;
    • Қой мен ешкі – 20,2 млн бас;
    • Жылқы – 4,4 млн бас;
    • Түйелер – 0,3 млн бас;
    • Құс еті – 45,7 миллион бас.

Ауыл шаруашылығы саласының болашағы қандай?

2024 жылғы серпінді өсу ауыл шаруашылығының әлеуетін айқын көрсетіп отыр. Бірақ бұл мүмкіндіктерді тұрақты табыс көзіне айналдыру үшін бірнеше стратегиялық бағыт қажет:

1. Қайта өңдеу секторын күшейту – шикізатты толық пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Экспорттық нарықтарға бейімделу – өнім сапасын халықаралық стандарттарға сай ету.

3. Аграрлық саладағы білім мен технологияны кеңейту – өнімділік пен тиімділікті арттыру.

4. Климаттық тұрақтылыққа бейімделу – суды үнемді пайдалану, жаңа егіс технологиялары.

2024 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісі жағынан алға жылжып, жаңа сапалы кезеңге өтті. Өсімдік шаруашылығы – басты драйверге айналып, өңірлік мамандану мен мемлекеттік қолдау нәтижелі болды. Ал мал шаруашылығы саласында әлі де құрылымдық өзгерістер мен технологиялық жаңару қажет.

Кейінгі жылдары агроөнеркәсіп кешенінде айтарлықтай серпіліс байқалытынын бұған дейін де айтқан едік. Экономика саласындағы сарапшылардың пайымынша, елде экономикасына серпін беріп келе жатқан салалардың бірі - ауыл шаруашылығы.  2024 жылы бұл сала 13,7%-ға өсіп, салалар арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Дәнді дақылдар көлемі 26,8 миллион тонна болып, өнімділік 16,2 центнерге дейін артты. Бұл — кейінгі 12 жылдағы рекорд көрсеткіш.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:52

17:31

17:14

16:11

15:46

15:27

15:21

15:10

15:04

14:41

14:32

12:39

12:36

12:28

11:55

11:43

11:02

10:42

10:38

10:29

10:21

10:16

10:05

09:46

09:26