AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экология министрі ауасы қатты ластанған қалаларды...

Экология министрі ауасы қатты ластанған қалаларды атады

Әлеумет 11.01.2023, 10:36 1,041
Экология министрі ауасы қатты ластанған қалаларды атады
Сурет: Turkystan.kz

Еліміздегі 10 қалада ауаның жоғары ластануы сақталып отыр.


Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Атмосфералық ауаның индустрия тарапынан ластануы экологиялық реттеу аясында ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін реттеу негізінде жүзеге асырылады. Осы бағытта былтыр нақты шығарындылардың көлемі 2021 жылға қарағанда 4,1 пайызға, ал төгінділер көлемі 11,7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар жүйелі түрде ауаны ластағаны, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық рұқсатын тоқтата тұру бойынша іс сотқа жолданған болатын. Қабылданған шараларға қарамастан еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталуда. Осы қалаларға Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер кіреді», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.



Жалпы, оның атап өтуінше, еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары қабылданған жаңа Экологиялық кодекс, бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары аясында іске асырылып жатыр.



«Айта кететін жайт, қабылданған жол карталары қоғамды кеңінен тарту негізінде қалыптастырылған және 485 іс-шараны қамтиды. Жаңа облыстарда жол карталары әзірлену үстінде. Былтыр бірқатар жол картасын өзектендіру жұмысы жүргізілді», - деді Зүлфия Сүлейменова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #министр #ластанған қалалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика