Ерекше бастамаға 20-дан астам жас қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматының жас эко-рейнджерлері сайлау учаскесіне велосипедпен келіп, өз таңдауын жасады.
Ерекше бастамаға 20-дан астам жас қатысты. Олар экологиялық әрі белсенді өмір салтын азаматтық белсенділікпен ұштастырды.
Жастардың айтуынша, велосипедпен келу – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастырудың бір жолы.
Дауыс бергеннен кейін эко-рейнджерлер велосипедпен қала көшелері арқылы бағыттарын жалғастырды.