AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Екі қазақстандық теннисші үздік шетелдік ойыншы ат...

Екі қазақстандық теннисші үздік шетелдік ойыншы атанды

Спорт 26.12.2023, 11:23 1,233
Екі қазақстандық теннисші үздік шетелдік ойыншы атанды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандықтар Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды.


14 жасар Ева мен 16 жасар Даниэль Еуропа теннис қауымдастығынан (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Е.Корышева жылды Ыстанбұл турниріндегі жеңіспен бастады. Содан кейін Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік шықты. Ева Tennis Europe рейтингінде жекелей сында жылды 18-орынмен қорытындылады. Ол 24 ұтыс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ жұптық сында екі мәрте чемпион атанды.


Тазабеков Tennis Europe аясында өткен жеті додада бақ сынап, тұрақты жоғары нәтижелерге ие болды. Соның нәтижесінде жыл соңында 20-орынға көтерілді. Оның рекордтық көрсеткіші –15 жеңіс, 7 ұтылыс (68 пайыз). Биыл ол жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) озық шықты.


Өткен жылы осындай атаққа Заңғар Нұрланұлы, ал 2021 жылы Зара Дәркен ие болған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теннисшілер #үздік ойыншылар #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);