Алматыда ҚБТУ алаңында "Болашақ білім беру – экожүйе, технология, адам" тақырыбында EDUFEST-2026 конференциясы өтті. Бұл конференция білім беруді балабақшадан бастап ЖОО-ға дейін біртұтас экожүйе ретінде қарастыруға басымдық береді. Іс-шарада не талқыланды? Материалдан біліңіз.
Серіктестік өзегі: білімге салынған ұзақмерзімді инвестиция
EDUFEST-2026 аясында Halyk қоры білім беруді қолдауды жас қазақстандықтардың болашағына салынған нақты инвестиция ретінде қарастыратынын атап өтті. Қор директоры Сағынбек Шүнкеевтің айтуынша, адам капиталын дамыту оқытушыдан басталады және дәл осы себепті қор педагогтер құрамын дамытуға ерекше мән береді.
"Біз EDUFEST-2026-ға қолдау көрсетеміз, өйткені адам капиталын дамыту оқытушыдан басталады. Заманауи білім беру практикасы мен технологиясының барлық өңірдегі педагогтар мен басқарушы командаларға қолжетімді болуы маңызды", – деді қор өкілі.
Өңірлерге қолжетімді заманауи практика
Конференция мазмұны тек трендтегі тақырыптарды талқылап қана қоймай, ЖИ мен EdTech құралдарын жауапкершілікпен енгізудің нақты сценарийлерін ұсынуға құрылды. Ұйымдастырушылардың бірі – NNEF ҚҚ білім бөлімінің басшысы Мария Ковжасарова EDUFEST-ті "балабақша–мектеп–колледж–ЖОО" арасындағы сабақтастықты жүйелейтін практикалық алаң ретінде сипаттады. Оның пікірінше, технология педагогтың жұмысын жеңілдетіп, ең басты құндылыққа – әр баланың әлеуетін ашуға қызмет етуге тиіс.

Университет алаңы – қоғамға ашық диалог кеңістігі
ҚБТУ тарапынан форум университеттің ашық қоғамдық институт ретіндегі миссиясын жалғастырып отырғаны айтылды. "ҚБТУ" АҚ әлеуметтік және тәрбие мәселелері жөніндегі проректордың м.а. Сәбит Сұлтанов білім беру қоғам дамуының стратегиялық ресурсы екенін атап өтіп, EDUFEST-тің мектеп пен жоғары білім, әрі өмір бойы оқу арасындағы байланыстарды нығайтатын ортаға айналғанын жеткізді.

ЖИ: мүмкіндікпен қатар жауапкершілік те бар
Панельдік пікірталастардың өзегінде ЖИ құралдарын енгізудің пайдасы мен тәуекелі, академиялық адалдық және ұзақмерзімді салдар мәселелері көтерілді. Спикерлердің айтуынша, мектеп деңгейінде технологияны енгізу "не енгіземіз?" дегеннен бұрын, "қалай енгіземіз?" деген сұраққа тіреледі. Осы тұста EDUFEST-тің құндылығы — шешімдерді теориямен емес, тәжірибелік кейстермен көрсетуінде болды.
“Аймақтарға бірдей қолжетімділік” қағидасы
EDUFEST-2026-ның басты ерекшеліктерінің бірі – білім беру технологиялары мен заманауи әдістемелердің тек мегаполисте емес, барлық өңірдегі педагогтер мен басқару командаларына бірдей жетуі керегіне мән берілуінде болды. Бұл идея Halyk қорының серіктестік ұстанымымен тікелей қабысады: қор қолдауы форумды бір күндік іс-шарадан жүйелі әсері бар кәсіби платформаға айналдыруды көздейді.

Іс-тәжірибе, демозона және EduDebate: теориядан нәтиже шығаруға дейін
Конференция бағдарламасы практикалық форматтарға құрылған: keynote баяндамалар, EdTalks панельдері, интерактивті сессиялар, фасилитацияланған талқылаулар, EdTech демозоналар, VR/AR аймақтары және студенттік EduDebate дебаттары. Бұл тәсіл педагогтерге дайын "рецепт" емес, өз мектебі/ұжымына бейімдеуге болатын нақты құралдар мен сценарийлер ұсынуға бағытталған.
EDUFEST-2026 не үшін маңызды?
EDUFEST-2026 — білім берудің болашағын тек технология арқылы емес, адам капиталының сапасы арқылы өлшейтін диалог алаңы. Бұл жерде Halyk қорының серіктестігі шешуші мәнге ие: қаржылық демеушілік қана емес, ұлттық деңгейдегі адами әлеуетті күшейтуге бағытталған ұзақмерзімді көзқарас көрініс тапты.
Айта кетейік, шара NNEF Қоғамдық қоры, ҚБТУ және MIRAS халықаралық мектептерінің ұйымдастыруымен өтті. Бас серіктес – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры.
