Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жү...

«E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

Әлеумет 12.02.2025, 11:53 779
«E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды
primeminister.kz

«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.

Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.

Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.

Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.

Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.

2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:

  • 2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;
  • ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.
  • Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.

Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #сауаттылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Кеше 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Кеше 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Кеше 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Кеше 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Кеше 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика