Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтті.


Қазақстандық Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Парижде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.


Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтіп, қосымша уақытта оңтүстіккореялық дзюдошы үшінші ескерту алды. Сөйтіп, жеңіс Әбибаға берілді.


Бұл – өткен жылы қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған Әбиба Әбужақынованың биылғы екінші медалі.


Бұдан бұрын ол Португалияда өткен әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:32

16:24

16:13

15:56

15:46

15:33

15:21

15:11

14:51

14:36

14:20

14:10

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43