Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы тал...

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды

Спорт 28.11.2023, 06:30 1,275
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 Елордадағы «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті.


Іс-шара барысында келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүнежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы сөз болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, өңірлік спорт басқармаларының басшылары, аймақтардағы ұлттық спорт мектептері мен клубтарының басшылары және «Қазспортинвест» АҚ мамандары қатысты. Жиында сөз алған Ербол Мырзабосынов ұлттық спорт – ұлттық құндылығымыздың, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі екенін айта келіп, ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және халықаралық аренаға шығару басты міндет екенін жеткізді.


«Ұлттық спорт түрлерінен аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе осы бағытта бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Биыл ұлттық спорттың бірнеше түрінен әлем және Азия чемпионаттары, Әлем және Азия кубогі, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары сынды ірі жарыстар өткізілді. Спортшылардың нәтижесі жаман емес. Бірақ алда тұрған міндеттер көп. Бүгінгі таңда соның ең бастысы – 2024 жылғы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын абыроймен өткізу. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін мықты дайындық қажет. Баршаңызды алдағы Көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға шақырамын», - деді Ербол Мырзабосынов.

Күн тәртібінде тұрған Ұлттық спорт түрлерінен республикалық федерациялардың атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары, Республика бойынша ұлттық спорттың дамуы, 5-ші Дүниежүзілік  көшпенділер ойындарына дайындық барысы, Ұлттық спорт түрлерін дамыту және әр түрлі мәселелер бойынша федерация басшылары, ұлттық және ат спорты орталығының директоры, «Қазспортинвест» АҚ президентінің орынбасарлары баяндама жасады. Әрбір федерация атқарған жұмыстарына есеп беріп, Ұлттық спорттың әлеуетін арттыру мақсатында ұсыныстар айтты. Жиын соңында ұлттық спорт түрлерінің өзекті мәселелері талқыланып, оң шешім табу үшін барлық федерация бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #көшпенділер ойындары #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика