AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Дулат Исабековтың «Бөрте» пьесасы Австралия театры...

Дулат Исабековтың «Бөрте» пьесасы Австралия театрында қойылады

Мәдениет 14.07.2022, 11:51 1,976
Дулат Исабековтың «Бөрте» пьесасы Австралия театрында қойылады
Cурет: El.kz

2022 жылдың 4 қазанында Австралияның Мельбурн қаласында «Бөрте - әлем ханшасы» спектаклінің тұсауы кесілмек.


Сахналық қойылым көзі тірісінде аңыз адамға айналған отандық жазушы, драматург Дулат Исабековтың танымал пьесасының негізінде құрылған. Қазір дайындық жұмыстары қыза түсті. Басты рөлді сомдайтын актрисаны таңдауға ерекше мән берілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Еуропалық драматургтер өз шығармаларында ондаған жылдар бойы тек ер адамдарды бас кейіпкер етуді әдетке айналдырған. Әйел образы жоқтың қасы деуге болады. Олар үшін Бөрте - сенсация, тың жаңалық. Шыңғысханды жақсы біледі. Бөрте жайында білетіні аз ғана. Сондықтан олар пьессаны жай ғана "Бөрте" емес, "Бөрте - әлем императрицасы" деп атады. Мен бұл атауды қуана қабылдадым», - дейді жазушы Дулат Исабеков.



Дулат Исабеков премьераға өзінің қатысуы екіталай екенін айтады. Бөрте бейнесін сомдайтын шетел актерлерінің ойынын балалары бағалап қайтады. Бұл - алдағы жоспар. Ертеңгі күні Алматыда жазушының шығармашылығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Дулат Исабековтың жақында швед тіліне аударылған шығармаларының жинағы көпшілікке таныстырылады.



«Бес пьеса мен үш әңгіме. Оларды швед академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты Бенгт Самуэльсон аударды», - дейді жазушы Дулат Исабеков.



Жазушы шығармашылығы шетел оқырманын несімен қызықтырып, қалай  баурап алғанын өзі де білмейді. «Табыс кілтінің сыры неде екенін де айту қиын» дейді. Ұлылық қарапайымдылықта екені баршаға мәлім. Енді бір «Транзиттік жолаушы» қойылымын әлемдік театрлар сахналауға асық. Бұл туынды алдымен Санкт-Петербургте, кейін Лондонда өнерсүйер қауымның айызын қандырған еді. Дәл осы қойылым әлем сахналарындағы отандық жазушының тың еңбектерінің шеруіне бастауы болды. Ендігі кезекте -  Мельбурн. Күзде австралиялық көрермен тарихи тұлға Бөртенің бейнесін барынша танитын болады. 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пьеса #театр #Бөрте
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);