AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Дулат Исабековтің «Бөртесі» жақын арада АҚШ театрл...

Дулат Исабековтің «Бөртесі» жақын арада АҚШ театрларында қойылады

Өмір-өзен 26.12.2022, 03:36 1,379 Almaty-akshamy
Дулат Исабековтің «Бөртесі» жақын арада АҚШ театрларында қойылады
Сурет: Ашық дереккөзі

«Бөрте» спектаклі халықаралық деңгейде танылып отыр


Белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің «Бөртесі» жақын арада АҚШ театрларында қойылады. Бұл туралы қаламгердің Түркістан қаласында атап өтілген мерейтойында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Салтанатты шарада өңір жұртшылығы мен оқырман қауым қаламгерге құрмет көрсетіп, шығармашылығын жоғары бағалады. Мерейтой барысында Д.Исабековтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Жиын Түркістан музыкалық драма театрында жазушының «Бөрте» спектаклімен жалғасын тапты.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Дулат Исабековті құттықтау сөзінде, оның әдебиетте ғана емес, публицистика, драмматургия салаларында да өз жолын қалыптастырғанын жеткізді.



«Туған жеріңіз – қасиетті Түркістан өңіріне келіп, мерейтойыңызды жалғастыру – біз үшін үлкен мәртебе. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан – Қазақ хандығының астанасы болған ұлы шаһар. Тарихи шешімдер осы қалада қабылданған. Біздің Түркістанды дамытудағы басты мақсатымыз – өңірді Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда өзіңіздей қаламгерлердің, осындай іс-шаралардың қосар үлесі мол», – деді облыс әкімі



Дулат Исабеков көрермендер мен аймақ тұрғындарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.



«Шетелдердегі әдеби жиындарда, қойылымдарымның премьераларында қазақ әдебиеті, тарихы, мәдениеті туралы ой қозғап жүремін. Бүгінде «Бөрте» спектаклі халықаралық деңгейде танылып отыр», – деді жазушы.



Тарихи туындыны тамашалауға тек Түркістан облысы ғана емес, өзге өңірлерден де көрермендер арнайы келген екен. Алдағы уақытта «Бөрте» АҚШ мемлекетінің театрларында да ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бөрте #спектакль #Исабеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);