AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дрондар шоуы: Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғыс...

Дрондар шоуы: Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді

Әлеумет 09.05.2025, 22:45 803
Дрондар шоуы: Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді
Алматы қаласы әкімдігі

Жеңіс күніне арналған дрондар шоуын тамашалауға Абай алаңына 60 мыңнан астам адам жиналды.

9 мамыр күні Алматыда  Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы болып өтті. Бұл әсерлі көрініс мерекенің шарықтау шегі. Осы сәтте  500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады. Шоу өткен Абай алаңына 60 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ, «Алматы» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфир ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шоудың ашылу сәтінде «80 • 1941–1945» деген жазуы бар жұлдыз пайда болды – бұл ерліктің символы әрі ұлы жеңіс жылдарын еске салатын белгі. Одан кейін аспанда жауынгер каскасы мен қызыл қалампырлар бейнеленіп, соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсетілді. Ең әсерлі көріністің бірі – соғыстан оралмаған сарбаздардың рухын бейнелейтін ұшып бара жатқан тырналар композициясы болды.

Шоудың маңызды бөлігі қазақстандық қаһармандарға арналды. Аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың кезегі келгенде, Мәншүк – пулеметпен, Әлия – мылтықпен шықты. Сондай-ақ, жауынгерлік ұшақпен тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың бейнесі де болды арасында.  Халық қаһарманы, қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлының тұлғасы батырлық пен қайсарлықтың символы ретінде жарыққа шықты.

 

Бұдан өзге көріністерде Жеңіс туының көтерілу сәті, жұлдыз пішініндегі Мәңгілік алау мен «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген жазу бейнеленді. Шоудың ақтық сәтінде қазақы оюмен көмкерілген композиция мен жарқыраған «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Бұл жарық шоу –  еске алу шарасы ғана емес, тарихи мұраны жаңа буынға жеткізудің жаңа тәсілі. Ол тарихты ұмытпай,  оған мақтанышпен қарау керектігін еске салды.

Көрермендерге Абай алаңында, «Қазақстан» қонақүйі жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында арнаулы  алаңдар даярланды. Шоу кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Алматыдағы дрондар шоуы Жеңіс күнін атап өтудің жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды. Шоудың әсерін күшейткен әскери жылдардағы әндер мен патриоттық әуендер әр көріністің эмоциялық қуатын арттырып, көрермендердің көкейіне мақтаныш сезімін ұялатты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеңіс күні #дрон #Шоу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 62 жастағы әйел есірткі сақтап, таратты деген күдікпен ұсталды

Бүгін 15:53

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41

Иранда жаппай наразылықтардан кейін үш адамды өлім жазасына кесті

Бүгін 15:26

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика