AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Достық фестивалі, концерттер, көрмелер мен флешмоб...

Достық фестивалі, концерттер, көрмелер мен флешмобтар: Алматы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін қалай атап өтеді

Барлығы 28.04.2025, 12:48 1,011
Достық фестивалі, концерттер, көрмелер мен флешмобтар: Алматы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін қалай атап өтеді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтеді.

Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтеді. Негізгі іс-шаралар Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін, деп хабарлайды  aqshamnews.kz.

11:00-ден 12:15-ке дейін бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, сондай-ақ түрлі мәдениетаралық попурриге куә болады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), «Diamond» струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары, сондай-ақ Башқұртстаннан келген «Ay Yola» тобы, олар өздерінің танымал «Homay» композициясын орындайды. Күндізгі концерттік бағдарламаны Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева аяқтайды.

12:15-тен 16:00-ге дейін мерекелік концерт этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуімен жалғасады. Көрермендер халық билерін, флешмобты, халық әндері мен этникалық музыкалық композицияларды тамашалайды.

Кешке Абай алаңында алматылықтарды және мегаполис қонақтарын Қазақстан эстрадасының жұлдыздарымен үлкен шоу-концерт күтіп тұр. Кештің басты жұлдызы – танымал әнші Айқын Төлепберген. Сонымен қатар сахнаға әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған Бүркіт, Марсель, Думан Марат және Мархаба Сәби шығады. Көрермендерді қызықты шоу-бағдарлама, жанды дыбыс және жарқын атмосфера күтеді. Басталуы – 19:00. Кіру тегін.

Сонымен қатар, Абай алаңында «Единство народа в фокусе» фотокөрмесі өтеді, онда келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихындағы сәулелі сәттерді көре алады.

Бұған қоса, 1 мамырда сағат 10:00-де Тұңғыш президент паркіндегі бірлік жарысы өтіп, оған 300 адам қатысады. Жарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған.

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық 8 ауданында өтеді – әлеуметтік жәрмеңкелер, спорттық турнирлер, абаттандыру акциялары мен қайырымдылық бастамалары жоспарланған.

Қала аудандарында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

* Әуезов ауданында 30 сәуірде сағат 11:00-де Family park-та «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты этно-концерт өтеді;
* Алатау ауданында мерекелік концерт 30 сәуірде сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында өтеді, мекенжайы: Нұркент шағын ауданы, 14а;
* Алмалы ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 12:00-де М. Ганди атындағы саябақта өтеді;
* Бостандық ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де «Атакент» ҚІЫО аркасы алдындағы алаңда мерекелік шара өтеді;
* Жетісу ауданында 1 мамырда сағат 11:00-де Арбатта (Айнабұлақ шағын ауданы) тұрғындар үшін мерекелік ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Қонақтар спорттық жарыстар, интерактивті ойындар және аниматорлар мен бой көтерген қуыршақтардың қатысуымен түрлі бағдарламалар күтеді;
* Медеу ауданында 1 мамырда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс паркінің ашық сахнасында мерекелік іс-шара өтеді;
* Наурызбай ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де амфитеатрда өтеді, мекенжайы: Шұғыла шағын ауданы, 347;
* Түрксіб ауданында мерекелік концерт 1 мамырда сағат 11:00-де №6 мектеп үйі аумағында өтеді, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 13/1.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 мамыр #Алматы #Қазақстан халқы бірлігі күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика