AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Достық даңғылының бойында жаңа жаяу жүргіншілер ке...

Достық даңғылының бойында жаңа жаяу жүргіншілер кеңістігі құрылмақ

Әлеумет 18.07.2025, 12:42 633 Bakyt
Достық даңғылының бойында жаңа жаяу жүргіншілер кеңістігі құрылмақ
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қоғамдық кеңістікті дамытып жатыр. Шілде айында Достық даңғылының Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін қайта жаңғырту жұмысы басталды. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында БАҚ өкілдері осы нысанды аралап көрді.

Басқарма басшысы Батырхан Сүлейменовтың айтуынша, жоба қаладағы басты күре жолдың бойында жаяу жүргіншілерге арналған жайлы аймақ құруға бағытталған.  

«Достық даңғылы бойындағы жолдың жиегі тар болғандықтан, жаяу жүргіншілер велосипедшілермен, самокат мінгендермен қатар жүре алмайды. Сонддықтан жаяу жүргіншілер мен велосипедке арнап жолды екіге жаратын жобалық шешім қабылданды», – деді Батырхан Сүлейменов.

Қайта жаңартылған аумақ – 1,5 шақырым, ауданы – 4,17 гектар. Жобада жалпы аумағы 22 мың м²-ден асатын жол салынып, жаяу жүргіншілер жамылғысы орнатылады, оның ішінде 15 197 м² асфальт-бетон жолдар мен тротуарлар, сондай-ақ 6 923 м² бетон тақтадан тұратын жаяу жүргіншілердің аймақтары да бар. Көгалданған жердің көлемі 17 800 м²-ден аспақ. Сонымен қатар сәулеттік әрлеу элементтері орнатылып, тұрғындар үшін тартымды нүктелер жасалады.

«Достық даңғылы бойында біз тек жаяу жүргінші аймақтарын абаттандыруды көздейтін жұмыстарды істеп жатырмыз, жол бөлігіне тиіспейміз. Көлік қозғалысы тоқтамайды, еркін жүре береді. Бұл адамдардың жүріп-тұруына қолайсыздық келтірмес үшін жасалып отыр», – деп атап өтті басқарма басшысы Батырхан Сүлейменов.

Жұмысты 2026 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Достық даңғылы #Батырхан Сүлейменов.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);