AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Досаев Түрксіб ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы...

Досаев Түрксіб ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы жайында есеп берді

Әлеумет 30.11.2022, 04:16 1,166
Досаев Түрксіб ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы жайында есеп берді
Сурет: Tengrinews.kz

27 жаңа остановка конструкциясын орнату жұмыстары аяқталды.


Алматы әкімі міндетін атқарушы Ерболат Досаев қарашаның 30 күні Түрксіб ауданы халқымен кездесу барысында атқарылған жұмыстар жайында атты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Осы жылдың қыркүйек айында өткен кездесу барысында Қайрат шағын ауданының тұрғындары  Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдарды жөндеу туралы өтініш білдірді. Бүгінде олар бойынша жұмыстар аяқталды, 2,5 км жолға асфальт төселді.Сонымен қатар, ауданда ұзындығы 9 км болатын 17 көше жөнделіп, жалпы ауданы 20 мың кв. метр 89 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.Тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін 11 көшеге ұзындығы 9 км тротуар салынды және жөнделді.2023 жылы ұзындығы 42 км болатын 31 көшеге қосымша жөндеу жүргізіліп, тағы 35 көшеге – 27 км тротуар салынады», - деді Ерболат Досаев.



Сонымен қатар әкім қызметін атқаруы Ерболат Досаев  Хмельницкий көшесінен Талғар трактіне дейінгі көшені ұзартып салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп эатқанын айтты. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңына дейін. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдары жүргізілетін болады.



«Магистралды жолдар арқылы өту ыңғайлы болу үшін  Б. Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін светофор және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 светофор іске қосылды. Сондай-ақ, Түрксіб ауданының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың қараша айынан бастап 174 адресте 322 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады». –деді Ерболат Досаев.



Сонымен бірге қала басшылығы 2023 жылдың сәуір айында 96 адреске 448 «Сергек» камерасын өндірістік пайдалану мақсатында іске қосуды жоспарлап отыр.



«Осы жылдың соңына дейін жер үстіндегі жаяу жүргіншілер жүретін переходтардағы көтергіш құрылғыларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталады (Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылы бойында). Қазірдің өзінде вандализмнің алдын алу үшін 30 бейнебақылау камерасы орнатылды, оны Түрксіб ауданының полициясы көре алады. Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарына және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа остановка конструкциясын орнату жұмыстары аяқталды»,- деді Ерболат Досаев.



Оның айтуынша, келесі жылы Рысқұлов даңғылының бойындағы (Парасат тұрғын үй кешені) және теміржол арқылы (Костромская көшесіне шығатын Ержанов көшесінің бойына)     2 жер үстіндегі жаяу жүргіншілер өткелін (проходын) салу жоспарланған, жобасы дайын, 2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз.



«Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен қолайлығын арттыру мақсатында №215 маршрут Жас Қанат шағын ауданынан Шуақты шағын ауданына дейін ұзартылды (6,5 км.), рейске шығатын автобус саны 5-тен 7-ге дейін көбейді. Сонымен қатар, 4 маршруттағы (№8, 36, 69, 138)  39 автобус жаңартылды»,- деді Ерболат Досаев.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);