AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Диверсанттар стратегиялық объектіге кіре алмады

Диверсанттар стратегиялық объектіге кіре алмады

Әлеумет 22.09.2023, 08:04 1,032
Диверсанттар стратегиялық объектіге кіре алмады
www.gov.k

Астана маңында стратегиялық нысанды қорғауға арналған арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтті.


Қорғаныс ведомствосының жоспарына сәйкес, 99255 әскери бөлімінің аумағында өткен жаттығуларға 70 әскери міндетті қатысты. Аумақтық қорғаныс құрамасы әскери қызметшілерінің негізгі міндеті диверсанттардың стратегиялық объектінің аумағына кіруіне жол бермеу болды.


Жиынға елордадан шақырылған әскери міндеттілерге далалық оқыту мен үйлесімділіктің теориялық және практикалық курсы, оның ішінде атыс дайындығы жаттығулары өткізілді. Мұндай оқу-жаттығулар жылына екі рет – күз бен көктемде өтіп тұрады.



 – Бұл  жерде оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті, – дейді Астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі подполковник Мейрам Елшібаев. – Сценарийге сәйкес, террористер тобы аумақтық қорғаныс батальоны күзететін стратегиялық нысанды басып алуға әрекет етеді. Іс-шара Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелерін тарта отырып, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді.



Әскери міндетті сержант Марат Оралбеков жиынды рота сержанты лауазымында өтуде. Жеке құрам 10 күн бойы оқу-тактикалық дайындықпен айналысып, атыс алаңына шықты.


– Мұнай базасын күзету кезінде диверсанттарды тойтарудағы тактикалық дайындық сәтті өтті, – дейді ол.


Ақтөбе облысында «Бөгет-2023» жаттығуы аяқталды. Мұнда аумақтық қорғаныс құрамасы күзет ротасының бөгетті заңсыз қарулы топтардың ықтимал диверсияларынан қорғауға дайындығы тексерілді.


«Бөгет-2023» тактикалық-арнайы жаттығуларының қорытынды кезеңін өткізу үшін Ақтөбе су қоймасы таңдап алынды. Оған Ақтөбе қаласынан 78 әскери міндетті қатысты.


Жүргізілген маневрлердің негізгі тақырыбы «Аумақтық қорғаныс құрамасы күзет ротасының бөлінген күштермен және құралдармен бірлесе отырып, заңсыз қарулы құралымды жоюда арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуі» болды. Жаттығу аясында әскери қызметшілер атыс қаруы мен граната атқыштарды пайдаланды.


Еліміздің бірқатар өңірінде өтіп жатқан жаттығулардың маңызды құрамдас бөлігі әртүрлі құрылымдарға тиесілі күштер мен құралдардың, оның ішінде аумақтық әскерлер құрамасының, Полиция департаментінің, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің өзара белсенді іс-әрекеті болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #әскер #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);