Димаштың бейнебаяндары Мехико метросында көрсетілуде

Димаштың бейнебаяндары Мехико метросында көрсетілуде Сурет: Elorda.info

Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі.


6 қыркүйек күні Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді.


Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болды, Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күннің ішінде қол жеткізді.


Осылайша, 6 қыркүйекте Мексика астанағасындағы метроның 70 станциясында Димаштың Fly Away әніне түсірілген видеосы көрсетілді. Метро – қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:43

15:32

15:15

15:06

14:53

14:41

14:25

14:12

14:05

12:36

12:28

12:09

12:04

12:04

11:56

11:33

11:24

11:16

11:02

10:48

10:36

10:28

10:18

10:01

09:46