Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Құдайберген жапондық «NHK Music Special» бағ...

Димаш Құдайберген жапондық «NHK Music Special» бағдарламасына қатысады

Мәдениет 01.11.2021, 12:26 1,301
Димаш Құдайберген жапондық «NHK Music Special» бағдарламасына қатысады
Сурет: Inform.kz

«NHK Music Special» 11 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да көрсетіледі


11 қарашада Димаш Құдайберген Жапонияның танымал әншісі, «Autumn Strong» («Don’t Go») әйгілі композициясының авторы Коджи Тамакиға арналған «NHK Music Special» бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«NHK Music Special» – әр ай сайын белгілі орындаушылар мен музыканттар шақырылатын танымал бағдарлама. Оның қарашадағы кейіпкері – жапондық әнші Коджи Тамаки. Ол жапондық музыка индустриясындағы үздік орындаушы. Әртістің теледидардан көрінбей, сұхбат бермегеніне біраз болған, сондықтан оның қатысуымен өтетін бұл шығарылым ерекше болмақ. Былтыр Коджи Тамаки «Rural» оркестрімен шығып, 24 жылда алғаш рет Kouhaku Uta Gassen музыкалық фестиваліне қатысқан. Оның тамаша әншілік қабілеті мен оркестрмен бірігіп өнер көрсетуі Жапонияда талқыланған үлкен тақырыпқа айналған.


Коджи Тамаки оркестрмен 2015 жылы өнер көрсете бастаған. Олар жапондық аудиторияның қошеметіне бөленді. 11 қарашада әртіс «NHK» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген.


Сондай-ақ бағдарламаға онлайн режимде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген қатысады. Димаш 2017 жылы Қытайда өткен «I am Singer» байқауында Коджи Тамакидің «Autumn Strong» (түпнұсқа атауы «Don’t Go») әнін орындаған еді. Бағдарлама барысында қазақстандық әнші шағын сұхбат беріп, бұл композицияның ерекшелігі жайлы баяндап береді. «NHK Music Special» 11 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да көрсетіледі. Ретрансляция 16 қараша күнгі сағат 21:48-де өтеді.


Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Fly Away синглы Billboard Hot Trending Songs чартының үздік «жиырмалығына» кірген.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#бағдарлама #композиция #музыкант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі