AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Фоторепортаж / Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқ...

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Фоторепортаж 19.02.2026, 12:04 1,027 Сұлу
Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты
Алматы әкімдігі

18 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған "Димаш: бір дауыс – мың ел" атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көрмеге өнерпаздың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен ұлттық аспаптар бар. Сондай-ақ әншінің сахнада киген костюмдері таныстырылды. Әсіресе, Майкл Джексоннің жеке стилисі Гоко Залди арнайы дайындаған сахналық киім көрермендердің назарын аударды.

Димашқа ең алғаш сыйға тартылған аспаптардың бірі – Беларусь фан-клубы ұсынған гусли. Уақыт өте мұндай тартулар саны айтарлықтай артты, алайда көрмеге соның ішінен 70-і ғана әкелінді. Мұндағы жәдігерлер Куба, Ирландия, Малайзия және өзге де елдерден жеткізілген. Әр аспап – сол мемлекеттердің таңдаулы шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды" - деді Светлана Айтбаева.

Іс-шара аяғында Димаш Құдайберген мұражайға бала күнінде атасы сыйлаған, шығармашылық жолына серік болған қастерлі домбырасын тарту етті.

Көрме 1 ай көлемінде Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #Көрме #Аспап #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);