AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Димаш өнер көрсетті

Димаш өнер көрсетті

Тұлға 25.03.2023, 12:51 1,635
Димаш өнер көрсетті
Суреттерді түсірген - Самат

«Қазақ халқына, Димашқа жасаған құрметім», - дейді швейцариялық көрермен


Наурыз мерекесіне орай нарыққа OPPO-ның жаңа флагмасы – «OPPO Reno8 T Series» смартфонының таныстырылымы өтті. Аталмыш іс-шараны ОРРО компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Freedom Mobile ұйымдастырды. Іс-шараға «Ұлытау» аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық топ пен әлемге танымал эстрада әншісі Димаш Құдайберген қатысты.



«Мен Швейцариядан Алматыда тойла­нып жатқан мерекеге арнайы келдім. Ма­ған қазақ жері қатты ұнайды. Қалада үш күн қатарынан концерттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Димаш Құ­дайбергеннің өнеріне ерекше тамсанамын. Оның Дубайда, Алматыда, Қытайда өткен барлық концертінен қалмай барамын. Ди­маштың «OPPO Reno8 T Series» смартфо­нының бас амбассадоры екенін естігенде, бұл кештен де шет қалмау керектігін ұғын­дым. Үстіме ұлттық стильдегі бешпет киіп, оюмен өрнектелген бұйымдарын та­ғып алдым. Бұл да қазақ халқына, Димаш­қа жасаған құрметім деп білемін. Өнерлі, талантты жастардың ордасына айналған қазақ жұртына қызыға да, қызғана да қа­раймын», – дейді швейцариялық көрермен.



Мерекелік кеште құрметті қонақтарға ар­налған ойындар ұйымдастырылды. Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кеш соңында қонақтардың кетпеуін өтінген Димаш барлығымен суретке түсті. Кеш қонақтарын көктемнің шуақты Наурыз мейрамы­мен Димаш Құдайбергеннің өзі құттықтады.




«Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар бол­мысымызды айшықтайтын қасиетті Нау­рыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр от­басына шат көңіл, бақыт және береке сый­ласын! Қайда жүрсек те ұлттық болмысы­мызды сақтауға, ұлықтауға барымызды салайық», – деді біздің Димаш.



Таныстырылымға келгендердің басым көпшілігі Димаштың жанкүйерлері.



«Мен - Димаштың өнеріне тәнті болған­дардың бірімін. Оның жарнамалаған өнім­деріне сенім артамын. Сол үшін балама «OPPO Reno8 T Series» смартфонын сатып алдым. Ұйымдастырушылардың ұйымдас­тырған ойындарынан жеңімпаз атандық. Қуанышымда шек жоқ. Мен үшін Димаш­тың даусы жан-дүниеме ем болады. Оны тыңдаған сайын өзімді бақытты сезі­немін», – деді Гүлмира Мұрат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #Димаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика