AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Димаш, Джей Ло және "Қайрат"-"Реал" кездесуі: 2025...

Димаш, Джей Ло және "Қайрат"-"Реал" кездесуі: 2025 жылы "жұлдыздар" Алматы туризміне қалай әсер етті?

Барлығы 12.12.2025, 10:50 638
Димаш, Джей Ло және "Қайрат"-"Реал" кездесуі: 2025 жылы "жұлдыздар" Алматы туризміне қалай әсер етті?
Сурет: Нұрболсын Өрісұлы

Туризм - Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Инфрақұрылымның жақсаруы, цифрландыру және әуе қатынастарының кеңеюі Алматыны да халықаралық және ішкі саяхатшылар үшін барынша қолжетімді әрі тартымды ете түсті. 2025 жылы қаланың туризм көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетті. Туристерді қолжетімді баға, бай мәдени мұра, ерекше табиғи ландшафттар қызықтырады. Алматыға әсіресе Корея, Қытай, ТМД елдерінен келетіндер көп. Қаланың әсем табиғаты оның туристік брендін күшейтіп отыр.

Aqshamnews.kz сауалына жауап ретінде Алматы қаласы Туризм басқармасы 2025 жылдың басынан 1 желтоқсанға дейінгі ресми деректерді ұсынды.

2025 жылғы туристер легі: өсім және негізгі көрсеткіштер

2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматыға 1 млн 140 мың турист келген - бұл былтырмен салыстырғанда 6,5% өсім.

  • Шетелдік туристер саны 7%-ға артып, 323,6 мың адамға жетті.
  • Ішкі туризм де қарқын алды: 816 мың турист, өсім - 6,3%.

Алматы туризмінің жандануына танымал жұлдыздар қатысқан іс-шаралар да септігін тигізіп, оң әсер етпей қоймады.

Димаш Құдайбергеннің фан-кездесуі: 45 елден 10 мың қонақ

Биыл 26 мамырда әншінің Алматыда өткен фан-кездесуіне әлемнің 45 елінен келген жанкүйерлер шамамен 10 мыңға жуық қосымша қонақүй мен тұратын орын сұранысын туғызды.

Шетелдіктердің көлік, қоғамдық транспорт, тамақтану, сауда-саттыққа жұмсаған шығындары қала бюджетіне айтарлықтай пайда әкелді.

Дженнифер Лопес - 27 мың көрермен, оның 7 мыңы - шетелдіктер

Алматыдатағы бір әлемдік жұлдыз - Дженнифер Лопестің қатысумен өткен концерт көптің есінде. 10 тамызда Орталық стадионда өткен әлемдік шоуға 27 мың көрермен жиналып, оның 7 мыңы 35 елден келген. Билет бағасы – 40 000–180 000 тг.
Ұйымдастырушылардың келтірген деректері бойынша , іс-шарадан түскен салық көлемі – 600 млн теңге.

Туризм басқармасының ұсынған мәліметіне сай, 2025 жылдың он айында туризмнен түскен салық мөлшері: 67,4 млрд теңге - бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4% көп. Бұл саладағы бизнес белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Туристер географиясы және шығындары

2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыға ең көп келген елдер:

  • Үндістан – 56 206 турист (17,3%)
  • Қытай - 54 125 турист (16,7%)
  • Түркия - 17 974 (5,5%)
  • Корея Республикасы - 9 725 (2,2%)
  • АҚШ - 9 655 (1,6%)

Mastercard деректеріне сәйкес:

  • турист Алматыда орта есеппен 3,5 күн аялдайды
  • тәулігіне 441 доллар жұмсайды

Кеінгі үш жылдағы өсім динамикасы

Алматы осылайша жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп келеді:

  • 2022 - 1 809 000 турист
  • 2023 - 2 000 000
  • 2024 - 2 340 000

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчі: мыңдаған шетелдік турист

Биыл Алматыда әлем назарын аудартқан тағы бір маңызды оқиға - "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесуі болды. 26-29 қыркүйекте өткен тарихи матч Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ әкелді.

Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жанкүйерлерді қосқанда, келушілер саны ондаған мың адамға жетті.

Туристердің негізгі легі Қытай, Үндістан, Ресей, ҚР өңірлері, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және басқа да Еуропа елдерінен келген.

Mastercard мәліметінше, матч үшін келген бір шетелдік турист орташа есеппен 1 500 долларға шығынданған.
Олардың тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық, саудаға жұмсаған қаражаты қала экономикасына айтарлықтай әсер еткен, шағын және орта бизнесті жандандырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #Алматы #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика