AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Digital Almaty-2024»: «Х индустриясы - Болашақтың...

«Digital Almaty-2024»: «Х индустриясы - Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өтті

Әлеумет 09.01.2024, 08:51 1,148
«Digital Almaty-2024»: «Х индустриясы - Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы өтті
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында 2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында “Digital Almaty-2024”: "Х индустриясы - Болашақтың цифрлық эволюциясы" атты цифрлық форумы өтпек.


Цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастыруға бағытталған алтыншы форум ой-тәжірибе алмасу үшін ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерін, жетекші сарапшылары мен кәсіпкерлерін біріктіреді. Сондай-ақ форум аясында “Industry 4.0 Startup Battle” атты үздік өнеркәсіптік стартапты анықтайтын ауқымды сайыс; IT-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе, ақпараттарды бөлісетін, отандық ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биыл “Digital Almaty” VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ. Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер қатысады. Экономика мен инновация секторларында жаңа технологияларды қолдану жайында табысты кейстерін сіздермен бөліседі. Үш күндік цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатыспақ.



“Digital Almaty” халықаралық форумы жыл сайын әлемнің 15 елінен жетекші сарапшыларды жинайды. Биыл біз цифрлық индустрия тақырыбын талқылаймыз. Елімізде жалпы ішкі өнім өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп құрайды. Жаңа жылда экономикалық саладағы бизнес-процестерді жақсартуға көмектесетін жаңа цифрлық шешімдер қажет. Форум алаңы осы саладағы негізгі трендтерді, жобаларды және технологияларды таныстыру және талқылау үшін зор мүмкіндік береді», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.



Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty шарасы былтыр цифрлық тау-кен, мемлекет басқаруын, криптобиржа, киберқауіпсіздік, білім беру және корпоративті инновацияларды талқылауда 150-ден астам спикерді жинады. Сонымен қатар, форум мектеп оқушыларына арналған “Digital Ministry Cup” атты робототехника және инженерлік жобалар бойынша алғашқы халықаралық чемпионатын өткізді. Қазақстан, Ресей және Әзірбайжаннан төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Былтыр форум алаңында алғаш рет “Tech Garden Awards” марапаттау рәсімі өтіп, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, өндіріс жұмыстарына инновациялық жобаларды енгізгені үшін өнеркәсіп орындары мен индустриялық кәсіпорындар марапатталды.


Форумның пленарлық отырысына ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысты. Спикерлер цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуы мен телекоммуникациядағы жаңа технологияларды талқылады. “Digital Almaty” ЕАЭО елдерінің цифрлық күн тәртібін талқылайтын платформа мен үздіксіз үрдіске айналды. Биыл ол "Х индустриясы" – Болашақтың цифрлық эволюциясына назар аударта жаңа бағытты қамтып жатыр.


Еске сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры (Tech Garden).


Толық ақпарат алу және тіркелу үшін DigitalAlmaty.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз. 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Digital Almaty-2024» #Х индустрия #Болашақтың цифрлық эволюциясы #Цифрлық форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика