Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Денсаулық сақтау ардагері: "Мейірбике шынайылыққа...

Денсаулық сақтау ардагері: "Мейірбике шынайылыққа және техникалық ептілік пен кәсібилікке ие болуы керек"

Медицина 11.05.2023, 12:34 2,224
Денсаулық сақтау ардагері: "Мейірбике шынайылыққа және техникалық ептілік пен кәсібилікке ие болуы керек"
Сурет: Ашық дереккөз

Дәрігерлерге медбикелердің көмегі әрқашан қажет


12 мамыр - мейірбике ісінің мамандары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мереке қарсаңында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау ардагері Гүлшара Урмурзина сөз сөйледі.


Бұл күн Халықаралық Қызыл Крест комитетінің шешімімен мейірбике ісінің негізін қалаушы әйгілі ағылшындық Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай таңдалды. Жыл сайын Халықаралық Мейірбикелер кеңесі келісе отырып, өз ұрандарын таңдайды. Биылғы жылғы мереке "Медбикелер – мамандықтың болашағы" ұранымен өтеді.   


"Медбикелердің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор. Корифейлер медбикенің үш қабілетке ие болуы керектігін бекер айтпаған. Біріншісі - кәсібилік, екіншісі - техникалық ептілік, үшіншісі - шынайылық. Мейірбике иығына түсетін барлық жауапты жұмысты орындай алуы қажет. Қарапайым жұмыстан бастап операция жасайтын хирургтың көмекшісі ретінде өте күрделі манипуляцияларға дейін білуі керек", - деп бөлісті өз ойын Г.Урмурзина.
 
Медициналық мекемелердегі жұмыстың үлкен және жауапты бөлігі медбикелердің мойнында. Спикердің айтуынша, олар кез-келген медициналық мекемедегі таптырмас қызметкерлер боп саналады.


"Дәрігерлерге медбикелердің көмегі әрқашан қажет. Мен алғаш балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істегенімде, бас медбике Абабкова Майя Александровна болды. Мен одан көп нәрсені үйрендім. Ол барлық дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлер және техникалық қызметкерлермен тіл табыса алатын. Бізге күнделікті, сағат сайын, минут сайын қажет адамның бірі осы кісі болатын. Денсаулық сақтаудың қай саласында болмасын, өз үлесін қосқан медбикелерімізді мақтан тұтамын. Барша мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтаймын!", - деп қорытындылады. 


Айта кетсек, Г.Урмурзинаның басшылығымен Алматыда алғаш рет балалар стоматикалық санаторийлері, аралас емханалар, мейірбикелік күтім ауруханасы, перинаталдық орталық, Адам ұрпағын өрбіту орталықтары ашылды.  Алматы қаласының перзентханаларында ана мен баланың бірге болу жүйесі енгізілді. Емдеу мекемелерінің материалдық базасын дамытуға және нығайтуға, жұмыс пен кадрлар даярлаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу үдерістеріне үлкен үлес қосты.


Гүлшара Урмурзина "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы наградасы – "Алтын Дәрігер" төсбелгісінің және "Ave Vitae"орденінің иегері. Осы уақытқа дейін Республикалық деңгейлерде қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып, Алматы қаласының қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтын үлкен жүректі маман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #медбике
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика