AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / "Денсаулығыңды тексер" атты профилактикалық акция...

"Денсаулығыңды тексер" атты профилактикалық акция өтті

Балалар жылы 26.05.2025, 17:26 838 Ернұр РЫСБАЙ
"Денсаулығыңды тексер" атты профилактикалық акция өтті
Ернұр РЫСБАЙ

Алматы қаласындағы №118 мектеп-гимназиясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше медициналық-профилактикалық акция ұйымдастырылды. "Денсаулығыңды тексер" атты бұл іс-шара №11 қалалық емханамен бірлесіп өткізілді. Шара аясында мектеп оқушылары медициналық тексерістен өтіп, арнайы сертификат алды.

Балалар денсаулығына назар аударуға бағытталған шараға 120-ға жуық бала қатысты. Акцияның мақсаты мен мазмұны жайлы №11 қалалық емхананың профилактика және психоәлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі Алёна Зекунова айтып берді.

"Бұл шара балалардың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алуға бағытталған. Бүгінгі медициналық тексеру – балалар үшін аса маңызды профилактикалық шара. Мұндай тексерулер бала денсаулығын бақылауда ұстауға, ауруларды ерте кезеңде анықтауға, сонымен қатар оның психофизикалық дамуын бағалауға көмектеседі. Баланың алғашқы дәрігерлік бақылауы ол әлі нәресте кезінде-ақ басталады. Ал бір жастан бастап 17 жасқа дейін олар жыл сайын толық тексерістен өтіп тұруы керек. Кейбір жас кезеңдерінде тереңдетілген диспансерлік бақылау да қарастырылған. Бүгінгі тексеру нәтижесінде балалар арасында жиі кездесетін артық салмақ, көру қабілетінің нашарлауы, сколиоз және кариес сияқты мәселелер анықталды. Бұл аурулар сырт көзге байқалмауы мүмкін, сондықтан осындай жоспарлы профилактикалық шаралар олардың алдын алуға көмектеседі", — дейді Алёна Зекунова.

Арнайы іс-шара балалардың өз денсаулығына назар аударуға ынталандырады дейді №118 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дильназ Нурдун. 

"Жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай осындай ауқымды шара ұйымдастырамыз. Биылғы акция да осы дәстүрлі шара аясында өтті. №11 емхананың қолдауымен жүзеге асқан бүгінгі тексеру балалардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына түрткі болды деп сенеміз. Балалар өз денсаулығы туралы нақты ақпарат алды. Бұл әрі мектеп, әрі емхана үшін үлкен жетістік деп есептейміз", – дейді Дильназ Нурдун. 

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығы – қоғам болашағының негізі. Себебі дәл осы кезеңде баланың ағзасы қарқынды дамып, түрлі өзгерістерге ұшырайды. Уақтылы тексеру мен алдын алу – олардың денсаулығын ұзақ жылдарға сақтаудың ең тиімді жолы. «Денсаулығыңды тексер» акциясы балалардың денсаулығына сергек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, әрі ата-аналар мен ұстаздардың денсаулық тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына зор үлес қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #Балалар күні #денсаулық #мектеп #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);