AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Денис Теннің сценарийімен түсірілген фильм жарық к...

Денис Теннің сценарийімен түсірілген фильм жарық көрді

Не? Қайда? Қашан? 29.07.2022, 02:21 1,960
Денис Теннің сценарийімен түсірілген фильм жарық көрді
Сурет: Ашық дереккөзі

Түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін өзгеріссіз қалдыруға тырысқан


Танымал мәнерлеп сырғанаушы болған Денис Теннің сценарийімен түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалистер қатарынан көрінген. 


Түсірілім жұмыстары спортшы өлімінен кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды. Елордадағы тұсаукесерге Денис Теннің анасы, достары, танымал актерлер және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келді. 


Сонымен бірге, Нұр-Сұлтандағы зағиптар қауымдастығы үшін арнайы кинозал әзірленді, онда фильмнің аудиодискрипциясы қатар жүргізілді. Өйткені, фильм желісі зағип жігіт пен керең және мылқау бойжеткен арасында өрбиді. Жаңа технологиялар мүмкіндігі шектеулі жандардың бір-бірін түсінісуіне көмектеседі. Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгеріссіз қалдыруға тырысқан. 


Бұл туындының қалай түсірілгені туралы Қанат Бейсекеевтің «Фильм туралы фильмі» қоса көрсетіледі. Деректі фильмде Денистің ағылшын тілінде жазған өлең шумақтары, әндері кинокартинада көрсетілетіні айтылған. 



«Біз сұхбат құру үшін цифрлық хабарламалар, эмодзилер және басқаларын пайдаланатын әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл идея өзіме де қызық болды. Мен қатты қобалжып жүрмін, өйткені бұл жай ғана қысқаметражды фильм емес. Бұл Денистен қалған аманат, біз жақсы көретін және құрметтейтін адамның бастамасы. Бұл бастаманы бұзғымыз келмейді немесе бостан-бос өткізіп алғымыз келмейді. Мұнда мен мінсіз фильм жасағым келеді, оның өзі, айналасындағы жақындары күткеннен де жақсы туынды ұсынғым келді. Фильмде Денистің жанкүйерлеріне ұнайтын керемет сәттер бар, көптеген тосынсыйлар жасырылған. Тіпті Денис туралы естімеген шетелдіктер де осы фильм арқылы айтқымыз келген құндылықтарды түсінер еді», - деді фильм режиссері Чак Че. 



Сонымен бірге, спортшының жақын досы Игорь Цай фильмнің атқарушы продюсері болды. 



«Біз Лос-Анджелесте кездестік, мен жаңа кино жобасымен жұмыс істеп жүрдім, ал Денис жаттығуға келетін. Сонда Дениске сценарий жазып, Screenlife Contest байқауына қатысуды ұсынған едім. Мұны ұмытып та кетіппін, үш айдан кейін Денистің сценарийі финалға өткенін және Мәскеуде өз идеясын қорғайтынын естідім. Мен оның әңгіме, ән жазатынын білетінмін, сценарий де жаза алатынына сенімді болдым. Өйткені, ол мұз айдынында өз тәнімен, биімен хикая баяндайтын сторителлер еді», - деді И. Цай.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Денис Тен #фильм #Соқыр махаббат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика