AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Демікпеге шалдыққандарға тегін ингалятор беріледі

Демікпеге шалдыққандарға тегін ингалятор беріледі

Медицина 05.05.2026, 16:21 155 yakiya
Демікпеге шалдыққандарға тегін ингалятор беріледі
ambulatory.kz

Мамандардың мәліметінше, демікпе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселе болып қалып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда бронх демікпесін анықтау көрсеткішінің артқаны байқалады: 2017 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 73,4 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 102-ге жеткен.

Қазақстанда бронх демікпесімен ауыратын пациенттерді қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып қала береді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарға ауруды тиімді бақылаудың негізі саналатын базистік ингаляциялық препараттардың кең спектрі қолжетімді. World Asthma Day халықаралық бастамасы Жаhандық демікпе айдарымен (GINA) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткізіледі.

Биылғы науқанның негізгі бағыты – пациенттердің қабынуға қарсы ингаляциялық препараттарға тең әрі тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Әлемде бұл аурумен 260 миллионнан астам адам ауырады және жыл сайын жүздеген мың өлім жағдайына себеп болады. Соның едәуір бөлігі дер кезінде ем алған жағдайда алдын алуға болады.

"Қазақстанда бронх демікпесін анықтау көрсеткішінің артқаны байқалады: егер 2017 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 73,4 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 102 жағдайға жеткен. Сарапшылар мұны диагностика сапасының жақсаруы және медициналық көмектің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады. Бұл өз кезегінде емдеуді уақытылы бастап, асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді", – дейді дәрігерлер.

Бронх демікпесі – ентігу, жөтел және тыныс алудың қиындауымен байқалатын тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Дұрыс таңдалған терапия жағдайында ауруды бақылауда ұстауға болады және ол пациенттің күнделікті белсенділігін шектемейді. Емдеуде негізгі рөлді ингаляциялық препараттар атқарады. Оларды тұрақты қолдану ұстамалардың жиілігін азайтып, жағдайды тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.

Халықаралық клиникалық ұсынымдар базистік қабынуға қарсы терапияны пациенттерді қадағалап-қараудың стандарты ретінде қарастырады.

Мамандардың айтуынша, дәрігер тағайындауларын сақтау және ингаляторларды дұрыс пайдалану техникасын меңгеру арқылы демікпесі бар адамдар толыққанды, белсенді өмір сүре алады – білім алып, жұмыс істеп, спортпен айналыса алады.

Дүниежүзілік демікпемен күрес күні ауруды ерте анықтаудың, тұрақты емделудің және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Демікпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);