AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Демалыс күндері Алматы жолдарында 8 мас жүргізуші...

Демалыс күндері Алматы жолдарында 8 мас жүргізуші ұсталды

Әлеумет 01.07.2024, 17:33 622
Демалыс күндері Алматы жолдарында 8 мас жүргізуші ұсталды
Сурет: Egemen.kz

Демалыс күндері Алматы жолдарында 8 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алматыда “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңі өтіп жатыр. 

– Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың салдарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 8 дерегі, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік құралын басқаруының 16 дерегі, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 9 дерегі, автокөлікті қайта жабдықтаудың 7 дерегі, көлік құралы терезелерін қараңғылаудың 38 дерегі бар. Сондай-ақ самокат тізгіндеген 303 адам және мопед басқарған 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу іс-шаралары өткізілетін күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқарады.

– Бірінші кезектегі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу. Өрескел бұзушылықтар – мас күйінде көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, апаттық жағдайдағы көліктерді анықтау және жолын кесу деректерін анықтау, – деді Серік Шумаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші #заң #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті

Бүгін 12:20

Қазақстандық джитсер Азия жағажай ойындарының чемпионы атанды

Бүгін 11:33

Алматылық оқушылар ІІ Таланттар саммитінде ғылыми жобаларын таныстырды

Бүгін 11:08

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика