AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ДДСҰ: Коронавирустан қайтыс болғандар саны 4%-ға ө...

ДДСҰ: Коронавирустан қайтыс болғандар саны 4%-ға өскен

Әлем 16.02.2022, 06:38 1,866
ДДСҰ: Коронавирустан қайтыс болғандар саны 4%-ға өскен
Сурет: strategy2050.kz

Соңғы аптада 16 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 74 мыңнан астамы қайтыс болды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сейсенбі күні кешке ковид жұқтырғандар саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 19%-ға азайып, ал қайтыс болғандар саны 4%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Оның апталық бюллетенінде көрсетілгендей, 7-13 ақпан аралығында COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны өткен аптамен салыстырғанда 19%-ға азайды. Ұйым 16 097 642 адам ковид жұқтырғаны туралы хабарлама алды. 74 494 өлім тіркелді, бұл алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 4%-ға артық.


Өткен аптамен салыстырғанда (31 қаңтар – 6 ақпан) вирус жұқтырғандар санының артуы Тынық мұхитының батыс аймағында (19%-ға) тіркелді. Сонымен бірге ДДҰ-ның қалған бес аймағында аурушаңдық төмендеді. Әсіресе айтарлықтай төмендеу Оңтүстік-Шығыс Азияда (37%-ға), Америкада (32%-ға) және Африкада (30%-ға) тіркелді.


Бір аптада әлемде жаңа инфекциялардың 60%-ын құрайтын Еуропада бұл көрсеткіш 16%-ға төмендеген. Өлім-жітім Шығыс Жерорта теңізінде (38%-ға), Батыс Тынық мұхитында (27%-ға), Африкада (14%-ға), Америкада (5%-ға) және Еуропада (1%-ға) өсті. Бұл ретте Оңтүстік-Шығыс Азияда 9%-ға төмендеді. Ресейде бір аптадағы ең көп инфекция жұқтыру (1 323 391) жағдайы тіркелді. Одан кейін Германия (1 322 071), АҚШ (1 237 530), Бразилия (1 009 678) және Франция (979 228). Америка Құрама Штаттарында жеті күнде ең көп өлім-жітім тіркелген (17 225).


Одан кейін Үндістан (6686), Бразилия (6658), Ресей (4834) және Мексика (2530). ДДҰ мәліметі бойынша, 15 ақпанда Мәскеу уақытымен 19:50-де ұйым 412 351 279 вирус жұқтырған және 5 821 004 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат алған. Вирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 1 469 326-ға, қайтыс болғандар 7 351-ге өскен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #індет #қайтыс болғандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);