D&Dears: Димаштың Алматыдағы фан кездесуі қалай өтті?

  • 16:15, 27 мамыр 2025
D&Dears: Димаштың Алматыдағы фан кездесуі қалай өтті? almaty-akshamy.kz

Алматыда 26 мамыр күні әлемге әйгілі әнші, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің D&Dears атты фан-кездесуі өтті. Мыңдаған жанкүйер сүйікті әртісін көру үшін шекара мен қашықтықты еңсеріп келген. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандарын Almaty Arena-ға жинаған әншінің кеші күтпеген жайттарға толы болды. Бұл жолғы кездесу несімен ерекшеленді? Аqshamnews.kz тілшісі материалда тарқатады. 

40 мемлекеттің тыңдармандарын тоғыстырған жүрек

Димашты көруге 40 мемлекеттен жанкүйерлері жиналды. Олар АҚШ, Қытай сынды алпауыт елдерден бастап, Бельгия, Швейцария, Фарнция және тағы да басқа жерлерден келген. Олар сүйікті әншісіне деген шексіз құрметін білдіріп, арнайы естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын ала келген.

суретте: Қытайлық Dears атынан Димашқа гүл шоғы

Димаштың шынайы жанкүйерлерін, яғни Dears-ты алыстан тануға болады. Неге десеңіз, олар ерекше образдарымен бірден көзге түседі. Тыңдармандар Димаштың бейнесі бар киімдер киіп, есімі жазылған плакаттар ұстап сүйікті әртісімен кездесуді асыға күтті. 

суретте: Нью-Йорктан келген жанкүйерлер

Ал бұл Димаштың Франциядан келген жанкүйері - Уенди. Ол сүйікті әншісінің құрметіне денесіне 5 тату салдырған.

"Мен Димашты өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Оның қарапайымдылығы, мінезі, болмысы кез келген адамды ғашық етпей қоймайды. Оған арнап осындай тату салдыруым, оған деген құрметімнің белгісі. Оның "Sky" деген әні мені ерекше шабыттандырды. Сол үшін осындай өзіме мәңгіге белгі қалдырдым" деді ол. 

Димашпен кездесуге Қазақстанның түрлі қалаларынан да әншінің құрметтілері (Dears - еск.) жиналған. Олар да Димашқа деген махаббаттарын сөзсіз-ақ, дәлелдеп тұр. 

 

Талдықорғаннан келген жанкүйер атамыз 95 жастағы анасының Димашқа жазған хатын ала келіпті. Онда анасы Димашқа ізгі ниетін жеткізіп, үйлену керектігі жайлы жазған дейді ата:

"Менің анам да Димаштың жанкүйері. Маған "Димашқа бер" деп арнайы хат беріп жіберді. "Өзің сияқты әдемі, талантты, анаң Светлана сияқты инабатты, тәрбиелі қызды тауып, үйлен" деп жазып жіберген екен. Аманаттап табыстаған соң, Димашқа беру парызым" дейді ата.

Димаштың тың жаңалықтары 

Фан-кездесу Димашты 24 мамыр күні өткен туған күнімен құттықтаудан басталды. Сұхбаттасу барысында Димаш викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімін де сынға салды. Сондай-ақ, ол көпшілікпен көптен күткен жаңалығын бөлісті.

"Бұйырса менде бір қуанышты жаңалық бар. Алдағы жылы Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасымен бірлесіп ірі халықаралық продюсерлік жобамды жарыққа шығарамын. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысатын жаңа ән байқауы болады. Аталған жобада мен қазылар алқасының құрамында боламын" деді Димаш Құдайберген. 

Әңгіме барысында Димаш ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға қоңырау соғып, батасын алды. Бибігүл апамыз да Димашты туған күнімен құттықтап, тілек білдірді. 

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген орындайтын тың туынды "Тау ішінде" әніне жариялаған челлендждің жеңімпаздары белгілі болды.  Олар - №58 мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза және Чилилік жанкүйер Андреа. Жеңімпаздардың видеосы желіде ең көп қаралым жинаған. Олар енді Димаштың Еуропада өтетін концертіне баратын болады. 

Кеште тағы бір ерекше оқиға болды. "Балқадиша" әнін орындап, желіде танылған Иса Бекболат та кездесуде төбе көрсетті. Ол Димаштың шақыртуымен Алматыға арнайы келіп, 10 мың адамның алдында ән шырқады. 

Қазақстандық әртістер Димаштың әндерін орындады      

Жанкүйерлермен кездесу концерттік бағдарламаға ұласты. Димаштың әйгілі әндерін қазақстандық жұлдыздар Дастан Оразбеков, Садраддин, Сәкен Майғазиев, Ернар Амандық, Ақбота-Нұр, КешьЮ, Зарина Алтынбекова өзгеше интерпретацияда орындап шықты. Артынша Димаш та репертуарындағы жаңа әндерін шырқап, халықтың қошеметіне бөленді. 

суреттер: Аqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:05

21:50

17:54

17:42

17:25

17:12

16:50

16:15

16:07

15:44

15:31

15:19

15:12

15:09

15:08

14:52

14:30

13:29

13:14

12:56

12:37

11:54

11:14

11:05

10:55