AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Дауыс беру мен думанды іс-шара: Алматының Жетісу а...

Дауыс беру мен думанды іс-шара: Алматының Жетісу ауданында сайлау күні фотоаймақ пен жәрмеңке ұйымдастырылды

Сайлау 2026 Бүгін 11:06 43
Дауыс беру мен думанды іс-шара: Алматының Жетісу ауданында сайлау күні фотоаймақ пен жәрмеңке ұйымдастырылды
Алматы әкімдігі

Қала тұрғындары үшін тақырыптық фотоаймақтар, музыкалық бағдарлама мен жәрмеңке ұйымдастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу ауданында мәслихат депутаттарын сайлау күні ерекше әрі мерекелік атмосферада өтіп жатыр. Қала тұрғындары үшін тақырыптық фотоаймақтар, музыкалық бағдарлама мен жәрмеңке ұйымдастырылған.

Жансүгіров көшесінде орналасқан №346 және №347 сайлау учаскелерінде алғашқы сағаттарда 150-ге жуық адам дауыс берген. Әсіресе №101 мектеп-гимназиясында адам қарасы қалың. Мұнда таңнан бастап әртүрлі жастағы тұрғындар келіп, таңдау жасап жатыр.

Сайлау учаскесінде патриоттық әндер шырқалып жатыр. Ал дауыс беріп болған соң, тұрғындар арнайы безендірілген «Менің таңдауым» фотоаймағында естелік суретке түсе алады.

Учаскеге іргелес аумақта шағын жәрмеңке де ұйымдастырылған. Арнайы тігілген шатырларда қоғамдық тамақтану орындары өнімін ұсынып, келушілерге жаңа піскен нан-тоқаштар мен түрлі дәмді тағамдар сатылуда. Қала тұрғындары ыстық шай ішіп, көршілерімен және таныстарымен әңгімелесе алады.

Көптеген тұрғын дауыс беруге жақындарымен бірге келіп, сайлауға қатысуды жексенбілік серуенмен ұштастырып жатыр.

Еске салайық, Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауы партиялық тізім және 21 бірмандатты сайлау округі бойынша өтуде. Сайлауға төрт саяси партия қатысып жатыр.

Сайлау учаскесінің мекенжайын @almaty_maslihat_2026 Telegram-боты немесе 109 бірыңғай нөмірі арқылы білуге болады.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлауға әнмен келген ардагерлер: Алматыдағы учаскеде ансамбль өнер көрсетті

Бүгін 11:45

Жас қолбайлау емес: 90 жастағы алматылық ақсақал мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 11:30

Алматының танымал тұрғындары да сайлауға белсене қатысты

Бүгін 11:26

Қоғам қайраткері Асылы Осман Алматы мәслихаты депутаттары сайлауының маңызы туралы пікір білдірді

Бүгін 11:20

Актриса Сәбила Әбуева: «Мәслихатта алматылықтардың мүддесін кім қорғайтыны мен үшін маңызды»

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);