AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Дәурен Мақсұтханұлының «БЕЙНЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ» атты...

Дәурен Мақсұтханұлының «БЕЙНЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ» атты жеке шығармашылық көрмесі

Мәдени Алматы Бүгін 18:40 31 yakiya
Дәурен Мақсұтханұлының  «БЕЙНЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ»  атты жеке шығармашылық көрмесі

2026 жылғы 7 мамыр күні сағат 16:00-де Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Дизайнерлер одағының қолдауымен, «Алматы қаласы Музейлер бірлестігі» КМҚК мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы галереясында (Достық даңғылы, 44 үй) суретші-мүсінші, дизайнер, фотожурналист Дәурен Мақсұтханұлының «Бейнеленген дүние» атты жеке шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, сондай-ақ фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуына орай және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған маңызды мәдени жоба.

«Бейнеленген дүние» көрмесінде автор бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрлары мен бағыттарын қамтып, фотосурет және деректі фильмдер арқылы әлемді өзіндік көркемдік көзқараспен таныстырады.

Көрме мазмұны тарихи сабақтастықты, әлемдік мәдениет пен өнер арасындағы үндестікті айқындап, ұлттық мұраны заманауи өнер тілі арқылы пайымдауға мүмкіндік береді.

Көрмеде ағаш, қола және өзге де материалдардан жасалған мүсіндік туындылар, майлы бояумен салынған кескіндеме жұмыстары, түрлі жобаларға арналған дизайнерлік әзірлемелер, АҚШ, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанда түсірілген сәулеттік фотосуреттер, сондай-ақ адамзаттың «Екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасына арналған деректі фильмдер топтамасы ұсынылады. Жалпы экспозиция 80-нен астам авторлық шығарманы қамтиды.

Дәурен суретші-мүсінші, дизайнер, фотожурналист ретінде қалалық, республикалық және халықаралық байқаулар, көрмелер мен симпозиумдарға, экспедицияларға тұрақты қатысып келеді. Сонымен қатар, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көрмелер мен байқаулардың ұйымдастырушысы және кураторы. Айта кетейік, Дәурен Мақсұтханұлы Мұхамеджанов, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (NYFA, АҚШ), ҚР Дизайнерлер Одағының, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Фотоөнер» Қоғамдық бірлестігінің Вице-президенті. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының және Қазақстан Журналистер Одағының фототілші Р.Ханалы атындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, өнертану ғылымдарының магистрі, PhD докторант.

Бүгінгі таңда Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) Дизайн мектебінің Сәулет-құрылыс дизайны кафедрасының ассистент-профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы ретінде он жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаз.

Өнер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бейнелеу өнері, дизайн, фотосурет және сәулет саласындағы халықаралық ғылыми журналдарда және Scopus рейтингтік басылымдарында 30-дан астам ғылыми мақалалары мен бірнеше кітаптары жарық көрген.

Кіру тегін.

Өтетін күні мен уақыты: 07.05.2026 ж.; 16:00

Мекенжайы: Достық даңғылы, 44

Қосымша ақпарат: +7-707-548-9505

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23

ШҚО полицейі бастаған ел құрамасы Түркиядағы халықаралық сайыста жүлде алды

Бүгін 19:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);