Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер инсульт алған науқасты тілге келтірді

Дәрігерлер инсульт алған науқасты тілге келтірді

Медицина 21.09.2023, 12:10 2,233
Дәрігерлер инсульт алған науқасты тілге келтірді
Сурет: Stopspastic.ru

Яғни науқастың сөйлеу қабілеті қалпына келді. 


Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сөйлеу қабілеті бұлшық еттерінің (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, дауыс қатпарлары, көмей, тыныс алу бұлшықеттері) иннервациясы бұзылған 60 жастағы науқас түскен. Тексеруден кейін аурухана дәрігерлері науқасқа инсульттан кейінгі дизартрия диагнозын, яғни сөйлеу қабілетінің бұзылғнаны анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Жалпы, сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері инсульт, бас миының жарақаттары, нейрохирургиялық араласулардың салдары, ісіктер және әртүрлі нейродегенеративті процестер болуы мүмкін.



«Науқастың негізгі ауру белгілері артикул мүшелерінің қозғалғыштығының шектелуі, бұлыңғыр, оқылмайтын және баяу сөйлеу болды. Науқастың сөйлеуін қалпына келтіру үшін біз логопедпен жұмыс жасау керектігін байқадық. Диагностикалық тексеру барысында маман сөйлеу қабілеті бұзылуының қандай аспектілері бойынша болғанын қарап, жеке қалпына келтіру бағдарламасын жасады және логопедиялық массаж, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, сөйлеу бұлшықеттерін дірілдетуді қамтитын жеке сабақтар өткізді. Науқасқа көрсетілген барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді», - деп бөлісті оңалту бөлімінің меңгерушісі Динара Наметова.



Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы, сөйлеу қабілеті орнына келіп, қалыпты жағдайдағы өміріне қайта оралған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігерлер #инсульт #сөйлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Бүгін 14:20

Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика