AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасын...

Дәрігерлер алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына тіліксіз ота жасады

Медицина 20.12.2022, 16:24 1,714 Almaty-akshamy
Дәрігерлер алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына тіліксіз ота жасады
Сурет: Ашық дереккөз

Пациенттің өміріне келер қауіп жоқ


Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет бүйректегі эхинококк кистасына лапароскопиялық әдіспен операция жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тіліксіз ота кезінде дәрігерлер 17 жастағы науқастың бүйрегінің жоғарғы полюсынан шамамен 5,0*6,0 см кистозды массаны алды.


Қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2003 жылғы науқас сол жақ бел аймағындағы ауырсыну, әлсіздік туралы шағымдармен жоспарлы түрде хирургия бөліміне жатқызылды. Анамнезде балаға 2020 жылдың ақпан айында бауырдағы эхинококк кистасына операция жасалғаны анықталды. Науқас осы отадан кейін диспансерлік бақылауға алынып, жылына 2 рет жоспарлы тексеруден өтіп тұрған. Соңғы 1 ай шамасында жоғарыда аталған шағымдардың мазалауына байланысты іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және іштің МРТ сканері жасалды.


Тексеру барысында сол жақ бүйректің кисталық түзілісі анықталды. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирург дәрігерлерінің тексеруінен кейін жоспарлы ота жасалуының қажеттілігі туралы кеңес берілді. 



«Науқасқа сол жақ бүйректің лапароскопиялық эхинококкэктомиясы отасы жасалды. Ота кезінде сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінде шамамен 5,0*6,0 см кистозды түзіліс анықталды. Эхинококк кистасының қабырғасы ашылып, хитинді қабықшасы лапароскопиялық жолмен алынып тасталды», - дейді ота жасаған хирург Әкім Түлкібаев.



Операция сәтті өткен. Пациенттің өміріне келер қауіп жоқ. Араға бір апта салып, ота жасалған науқас үйіне шығарылған. Қазіргі жағдайы жақсы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика