Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы жолайрықты кеш...

Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы жолайрықты кешіктірмей пайдалануға беруді міндеттеді

Барлығы 10.06.2025, 09:55 697
Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы жолайрықты кешіктірмей пайдалануға беруді міндеттеді
Алматы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы жолайрықты кешіктірмей пайдалануға беруді міндеттеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Жетісу ауданын аралады. Іссапар "Саяхат" ықшамауданындағы емхананың ғимаратын аралаудан басталды. Бұл нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Кейін қала басшысы Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда нысанның 95%-ы дайын. Тоннельдер, гидрооқшаулау, асфальттау мен темірбетон құрылымдары толық аяқталып, тоннель арқылы көлік қозғалысы ашылған. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылғы маусымға жоспарланған болатын.

Сонымен қатар аудан әкімдігі аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуде: брусчатка төселіп, қоршаулар орнатылуда, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру элементтері мен бейнебақылау жүйелері қойылады. Ағаш отырғызылып, қоғамдық кеңістік жасақталады.

Іссапардағы келесі нысан  "Гүлдер" саябағы болды. Бұл жерде "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпжылдық және мерзімдік гүлдер отырғызылып, автоматты суару жүйесі орнатылған, қоршау жөнделіп, ұңғымалар қазылған. Алдағы уақытта гүл аркалары мен лаванда алқабын жасау, сәндік тоғандар салу, газон егу, жарықтандыру мен бейнебақылау орнату жоспарланған.

"Жасыл аймақтарды абаттандыруға кешенді түрде қарап, отырғызылған ағаштар, бұталар мен гүл композицияларын күтіп-баптау үшін сапалы автоматты суаруды қамтамасыз ету қажет", – деп тапсырды Дархан Сатыбалды.

Сапар барысында қала әкімі "Құлагер" ықшамауданындағы аула аумақтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл ықшамауданда 86 көпқабатты тұрғын үй мен 32 аула бар, олардың 28-і биыл жөнделеді. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылғы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жұмыс сапарының соңғы нысаны Омаров көшесі болды. Мұнда ұзындығы 900 метрден асатын кәріз желілері тартылып, 41 құдық орнатылған. Асфальт жабындысын 2025 жылғы маусым айының соңына дейін қалпына келтіру жоспарлануда. Жалпы жоба бойынша жұмыстар 30%-ға орындалды: 15 көшеде инженерлік желілер енгізілген, алайда, жұмыс қарқыны жеткіліксіз. Қала әкімі жобаны жүзеге асыруды жеделдету қажеттігіне назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша, Дархан Сатыбалды жолайрық пен оған іргелес аумақтарды абаттандыруды белгіленген мерзімде аяқтауды, инженерлік желілерді тарту жұмысын жеделдетуді және аудан тұрғындары үшін аула жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54

Алматыдан 273 шақырым қашықта жер сілкінді

Бүгін 11:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика