AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Google-дың білім беру саласы бойы...

Дархан Сатыбалды Google-дың білім беру саласы бойынша жетекшісімен кездесті

Барлығы 20.06.2025, 17:59 660 Сұлу
Дархан Сатыбалды Google-дың білім беру саласы бойынша жетекшісімен кездесті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Google корпорациясының Еуропа мен Орталық Азиядағы білім беру бағытына және EMEA өңіріндегі жоғары білім саласына жетекшілік ететін Анна Артемьева ханыммен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында қала мектептерінің білім беру жүйесіне цифрлық құралдарды енгізу мәселелері талқыланды.

Дархан Сатыбалды цифрлық технологиялардың қоғам дамуындағы, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтті.

«Цифрландыру – бұл жай ғана инфрақұрылымды жаңарту емес, бұл білім берудегі көзқарасты түбегейлі өзгерту. Ол оқушылардың сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды меңгеруге жол ашады», – деді әкім.

Алматыда Google for Education платформасының пилоттық жобасы сәтті жүзеге асып, оның аясында қаланың барлық мектебіндегі мұғалімдер оқудан өтті. 2025 жылы қыркүйек айынан бастап Google for Education Fundamental Plus деп аталатын платформаның жаңа, кеңейтілген нұсқасы енгізіледі. Жоба 18 мыңнан астам мұғалімді және 9-10 сыныпта оқитын 20 мыңнан аса оқушыны қамтиды.

«Google компаниясының білім беру саласындағы шешімдері қаланың оқу жүйесін цифрлық тұрғыда жаңғыртуда ерекше рөл атқарады», – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесуде алдағы уақытта ашылатын Gemini Academy Almaty жобасына да айрықша мән берілді. Бұл халықаралық деңгейдегі цифрлық білім орталығы болмақ. Мұнда ұстаздар мен оқушылар жасанды интеллект, машиналық оқыту, бұлтты технология сынды заманауи бағыттар бойынша білім алып, дағдысын дамыта алады. Академия EdTech және цифрлық сауаттылық саласындағы жетекші бастама ретінде танылып, Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңіріне цифрлық педагогтарды даярлайтын орталыққа айналмақ.

Сондай-ақ, кездесуде цифрлық қауіпсіздік, мұғалімдердің кәсіби дамуы, жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу және оқушылардың оқу белсенділігін талдау құралдарын қолдану сынды мәселелер де талқыланды.

Анна Артемьева Алматы әкімдігінің жоғары деңгейдегі ынтасын атап өтіп, алдағы уақытта да серіктестікті нығайтуға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ортақ білім беру бастамаларын бірлесе жүзеге асыруға және Алматыдағы цифрландыру тәжірибесін кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Google #кездесу #әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);