AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінің...

Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінің электр желілерін бақылауға алды

Барлығы 27.09.2025, 17:35 520 Сұлу
Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінің электр желілерін бақылауға алды
Алматы әкімдігі

Қала әкімі Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінде болып, өзекті мәселелерді талқылау үшін тұрғындармен кездесті. Кездесуге сондай-ақ «АЖК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі атқарушы директоры мен қалалық қызмет басшылары, оның ішінде ТЖД өкілдері қатысты.

Тұрғындар электр қуатының жиі өшіп қалуына шағымданды, соның салдарынан олар сусыз, жеделсатысыз қалады. Сонымен қатар, сыртқы кабель желілерінің сапасы және өрт қауіпсіздігі жүйесінің сәйкессіздігі мәселесі көтерілді. 

Қалалық ТЖД бастығының айтуынша, тексеру барысында бұрын 18 бұзушылық анықталған, оның 15-ін құрылыс салушы жойған. Алайда өрт сөндіру жүйесіне қатысты кейбір бұзушылықтар шешілмеген күйінде қалды. Олардың ісі сотқа жіберілді, ал тұрғындардың өтінішімен қайта тексеру жүргізіледі.

«АЖК» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры мекеме инженерлік желілерді иесіз деп танып, сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін ғана иелігіне алуға дайын екенін атап өтті.

Дархан Сатыбалды тұрғын үй кешені жайы ұжымдық меншік аймағында екенін, алайда қаладағы мәселелер бойынша шешім шығаруға дайын екенін атап өтті.

«Біз тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз. Трансформаторлық қосалқы станция бойынша жұмыс Энергетика басқармасымен бірлесіп жүргізіледі. Алты ай ішінде нысан иесіз деп танылады, содан кейін ол энергия беруші ұйымның балансына беріледі. Өртке қарсы жүйеге қатысты мәселе де бақылауға алынып, ТЖД қатысуымен тексеру жүргізіледі», - деді Алматы әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дом на Абая #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);