AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні...

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Алматы 06.03.2026, 18:31 435 dulatbekova
Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік қабылдау барысында әкім әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың қала мен елдің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін III дәрежелі «Барыс» орденімен Қазақстанның халық артисі, театр және кино актрисасы Нүкетай Мышбаева марапатталды. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етіп, сахнада жүзден астам бейнені сомдаған. Биыл актриса 90 жасқа толады.

«Құрмет» ордені «Asmed» тегін клиникалар желісінің негізін қалаушы Раушан Жақсыбайға, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ұлттық төлем корпорациясы төрағасының орынбасары Әсел Марченкоға, педагогика саласының ардагері, математика пәнінің мұғалімі Тұрсынкүл Тасболатоваға, сондай-ақ Алматы онкологиялық орталығының дәрігер-онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Әлия Төрешеваға берілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалі №178 мамандандырылған лицейдің биология пәні мұғалімі Айдана Айдароваға, «Алматы жылу желілері» кәсіпорны Солтүстік пайдалану ауданының екінші разрядты есепшісі Елена Крюковаға, Түрксіб ауданы №4 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрайымы Анаркүл Құрманбаеваға, сондай-ақ №15 санаторлық мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдана Тыныбекке табысталды.

Іс-шара соңында марапат иелері қала әкімімен бірге естелік суретке түсті.

Айта кетейік, мерекелік қабылдау Достық үйінде өтті. Оған білім беру, медицина, мәдениет, энергетика, бизнес және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етіп жүрген әйелдер қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #Алматы әкімі #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Кеше 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Кеше 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Кеше 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Кеше 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Кеше 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);