AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алмалы ауданындағы кәріз құрылысы...

Дархан Сатыбалды Алмалы ауданындағы кәріз құрылысына жауапты мердігерге мерзімді қатаң сақтауды тапсырды

Барлығы 19.06.2025, 12:00 758 Сұлу
Дархан Сатыбалды Алмалы ауданындағы кәріз құрылысына жауапты мердігерге мерзімді қатаң сақтауды тапсырды
Алматы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Алмалы ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысына жауапты мердігерге мерзім мен сапаны қатаң сақтау жөнінде талап қойды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Туркебаев көшесінде Кіші Абай көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты.

Жобаға аудан әкімдігі тапсырыс берген. 15 шақырым инженерлік желілер тартылып, шамамен 1 700 абонент, яғни 6 800-ден аса тұрғын кәріз жүйесіне қосылмақ. 2024 жылы бұл жұмыс ішінара аяқталып, алты көшеде 5 шақырымға жуық желі тартылды. 2025 жылы ұзындығы 10 шақырым болатын 15 көшеде құрылыс жоспарланған. Қазір сол көшелердің 10-ында жұмыс басталып кетті.

Қала басшысы мердігер ұйымға барлық жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

«Сіздерден сапа мен мерзімді талап етеміз. Кепілдік мерзімі – 5 жыл. Егер қандай да бір апат болса, сіздер қалпына келтіресіздер», – деді Дархан Сатыбалды.

Жобаның негізгі мақсаты тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту. 

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Алматы әкімі күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 қалалық емхана ғимаратына барды. Бүгінде ішкі инженерлік жүйелер, линеарлы панельдерден қапталған қасбетті орнату, бөлмеаралық қабырға жасау, ішкі әрлеу, кафель төсеу, есік-терезе орнату мен ауланы көркейту жұмыстары аяқталды. Қазір нысан 95% дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #кәріз #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);