AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыдағы референдум учаскелері жоғары бағаланды

Алматыдағы референдум учаскелері жоғары бағаланды

Референдум 05.03.2026, 20:43 248
Алматыдағы референдум учаскелері жоғары бағаланды
Қайрат Қоныспаев

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды өткізуге дайындық барысымен танысу үшін Алматыға жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №254 референдум учаскесіне және ҚазҰАЗУ ғимаратындағы №378 учаскеге барып, ақпараттық стендтерді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және комиссия мүшелерінің әзірлігін тексерді.

Комиссия өкілдері еліміздің барлық 20 өңірін аралап жүр. Алматыдағы учаскелердің дайындығы жоғары деңгейде деп айтуға болады, – деді Нұрлан Әбдіров.

Кейін делегация Алматы қаласының мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қалада дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіміне 1 млн 311 мыңнан аса адам енгізілгенін, оның ішінде шамамен 20 мың студент пен 4 мың әскери қызметші бар екенін айтты.

Ол жергілікті атқарушы органдар, аумақтық және учаскелік комиссиялар арқылы референдумға дайындық аясында ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ақпараттық қамтуға БАҚ, әлеуметтік желілер және билбордтар, LED-экрандар, медиафасадтар секілді өзге де мүмкіндіктер тартылған.

Алматы қаласы референдум өткізуге толық дайын, – деп атап өтті Абзал Нүкенов.

Кеңесте прокуратура, полиция және ТЖ департаменттері, сондай-ақ Алматы қалалық аумақтық референдум комиссиясының өкілдері дайындық жұмыстары мен референдумға әзірлік деңгейі туралы баяндады.

Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова барлық учаскеде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қажет жағдай жасалғанын (мүгедектігі бар шамамен 10 мың адам есепке алынған) айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров пандустар мен көтергіш құрылғылардың, аудиоақпаратқа арналған техникалық құралдардың маңызын еске салды. Сондай-ақ, Брайль қарпі немесе өзге техникалық құралдар арқылы көзі көрмейтін азаматтарға ақпарат жеткізуге дайындықтың болуы маңызды екенін атап өтті.

Негізгі міндет – республикалық референдумды Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес, ешқандай заңбұзушылықсыз өткізу, – деді Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар, №378 учаскелік референдум комиссиясының қызметі қаралды. Бұл комиссия Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында жұмыс істейді. Учаскелердегі дауыс беру процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуы назарға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Кеше 22:39

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Кеше 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Кеше 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Кеше 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика