Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Әлеумет 29.03.2024, 09:44 1,023
Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерболат Досаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов денсаулық сақтау және құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.


Кеңесті ашқан Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларына ерекше көңіл бөлінетінін атады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жоспар әзірленіп, іске асырылуда.


Арман Рахимовтың мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар мегаполисте сыбайлас жемқорлық қылмысын төмендетуге мүмкіндік берді. Мәселен, егер 2019-2021 жылдар аралығында қаланың денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 36 қылмыстық істі тіркесе, соңғы екі жылда барлығы 3 қылмыстық іс тіркелген.


Қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы 2023 жылы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметін сыртқы талдау нәтижесінде 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталғанын, 20 ұсыныс енгізілгенін хабарлады. Бұған қоса, жеке медициналық ұйымдарға медициналық қызметке лицензия алу кезіндегі ықтимал бұзушылықтар туралы шағымдарға байланысты олардың қызметінің заңдылығына мониторинг жүргізу ұсынылды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков баяндағандай, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін 147 медициналық ұйым, оның ішінде 123 жеке ұйым проактивті мониторингпен қамтылған.


Қала әкімі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы бойынша департаментімен бірлесіп, Денсаулық сақтау министрлігіне жеке медициналық ұйымдар бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Ерболат Досаев атап өткендей, бұл жұмыстың басты мақсаты медициналық қызметтің сапасын арттыру және қала тұрғындарының өтінішіне уақытылы ден қою.


«Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар туралы» кеңестің екінші мәселесі бойынша Алматы әкімдігі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың дерегінше, сәулет органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және қазіргі заманғы IT шешімдерді пайдалану мен лауазымды тұлғалардың жұмысын регламенттеу арқылы осы саладағы бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер қатынастарын жетілдіру және теріс мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін жою бойынша бірқатар ұсыныс енгізілді.


Кеңесті қорытындылай келе, қала әкімі Ерболат Досаев әкімдіктің жауапты бөлімшелеріне осы саладағы сыртқы талдау нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір басшының күнделікті жұмысы болуға тиіс. Ресми жұмыс әдістерінен бас тартып, халықтың наразылығын тудыратын жүйелі проблемалық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деді Ерболат Досаев.


Қазіргі уақытта қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен Алматы әкімдігі барлық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-қимылдарды әзірлеп, іске асырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика