конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал...

Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды

Мәдениет Бүгін 12:58 52
Comic Con Astana 2026 фестивалінде әлемге танымал косплей шеберлері үздіктерді таңдайды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл оның жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Comic Con Astana 2026 бағдарламасы аясында халықаралық косплей байқауы өтеді. Қатысушылардың жұмысын косплей индустриясының танымал өкілдері мен халықаралық байқаулардың жеңімпаздарынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Қазылар алқасының құрамында әлемге әйгілі германиялық шығармашылық дуэт – Kamui Cosplay бар. Олар әлемдік косплей индустриясының көшбасшыларының бірі саналады және жоғары деңгейде нақышталған костюмдер жасаумен танымал.

Сондай-ақ қазылар алқасына кәсіби косплейші, Еуропадағы ең танымал косплей өкілдерінің бірі әрі ірі халықаралық косплей фестивальдерінің төрешісі Leon Chiro енді.

Қатысушылардың жұмысын халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Sazura, Zakos Crowman, Таис Туканова және Анна Brickus та бағалайды. Оларға Comic Con Astana 2025 фестивалінің Гран-при иегері Эмилия Grafomanka қосылады.

Халықаралық косплей байқауы жыл сайын түрлі елдерден келген қатысушылардың басын қосады. Биыл оның жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап, өңірдегі ең ірі косплей турнирлерінің біріне айналмақ.

Қазіргі заманғы поп-мәдениетке арналған бесінші халықаралық Comic Con Astana фестивалі Қазақстан астанасында 2026 жылғы 6-9 тамыз аралығында Barys Arena және «Алау» мұз сарайында өтеді.

Фестивальдің хедлайнерлері – «Тақтар ойыны» жұлдызы Николай Костер-Вальдау, Peaky Blinders («Өткір қалпақтылар») сериалындағы Артур Шелби рөлімен танылған Пол Андерсон, сондай-ақ Netflix-тің One Piece сериалының актерлері Иньяки Годой мен Таз Скайлар. Төрт актер де фестивальдің басты сахнасында өнер көрсетіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап береді және қолтаңба мен фотосессияларға қатысады.

Фестиваль аясында Қазақстандағы Silk Way Star халықаралық телевизиялық вокалдық байқауында Корея Республикасының атынан қатысқан оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобы да өнер көрсетеді. Жоба барысында топ «Кеш мені» әнін корей тілінде орындап, кең танымалдыққа ие болды.

Comic Con Astana қонақтарын ауқымды көрме аймағы, ойын алаңдары, жаңа өнімдердің таныстырылымдары, интерактивті стендтер, тақырыптық іс-шаралар, сондай-ақ қолтаңба және фотосессиялар күтеді.

Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena аумағында ұйымдастырылады. Ал «Алау» мұз сарайында арнайы тақырыптағы аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын кеңістіктері, таныстырылымдар және интерактивті алаңдар орналасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #халықаралық фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салып жатыр

Бүгін 13:35

Ақжарда 20 шақырым жолға асфальт төселді

Бүгін 13:29

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 13:22

Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық таныстырылды

Бүгін 13:18

Қалқаман-2 шағын ауданында 594 пәтері бар тұрғын үйді салып бітті

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);