AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәс...

Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Заң мен тəртіп 26.03.2026, 10:39 181 dulatbekova
Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды
Сурет: cu.edu.kz

Caspian University жанындағы «Әділет» жоғары құқық мектебі, Публичтік құқық ғылыми-зерттеу институты және «Тұран» университетінің Құқық ҒЗИ бірлесіп «Қазіргі экстремизм: жағдайы және оған қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – экстремизмнің өзекті мәселелеріне назар аудару және оған қарсы тиімді күрес жүргізудің практикалық ұсыныстарын әзірлеу.

Дөңгелек үстелді Caspian University ректоры, PhD докторы, профессор Жолдасбек Нусенов ашып, қазіргі экстремизм конституциялық құрылымға, мемлекеттік институттарға және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құбылысқа қарсы күрес кешенді тәсілді және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты талап етеді.

Публичтік құқық ҒЗИ директоры Әліпаша Қараев жастар арасындағы экстремистік көңіл-күйдің өсуіне алаңдаушылық білдіріп, алдын алу шараларында білім беру мен тәрбиенің маңызына тоқталды.

Ал «Тұран» университетінің Құқық ҒЗИ директоры Талғат Акимжанов экстремизмнің ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп екенін айтып, заңнамадағы «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарын нақтылауды ұсынды.

Жиын барысында сарапшылар экстремизмнің құқықтық қана емес, тарихи, әлеуметтік, мәдени және діни себептерін де талқылады. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы экономикалық теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлық бұл құбылыстың таралуына әсер ететін факторлар ретінде аталды.

Спикерлер экстремизмнің жаңа түрлері, соның ішінде цифрлық экстремизм, кибербуллинг және «пациенттік экстремизм» мәселелеріне де назар аударды. Мамандар дәрігерлерге қатысты қысым мен қауіптің артып келе жатқанын айтып, құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттігін жеткізді.

Қатысушылар экстремизмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың рөліне ерекше тоқталып, бұл мәселенің жаһандық сипатқа ие екенін атап өтті. Сонымен қатар дін мен терроризмді шатастыруға болмайтыны, олардың бір-бірімен байланысы жоқ екені де айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар экстремизмге қарсы күресті жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар қабылдады. Атап айтқанда:

  • мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейту;

  • жастардың радикалдануының алдын алу;

  • қылмыстық заңнаманы жетілдіру;

  • діни және мәдени институттарды алдын алу жұмыстарына тарту.

Халықаралық дөңгелек үстел ғылыми қауымдастық, білім беру ұйымдары мен сарапшылар арасындағы маңызды диалог алаңына айналып, қоғамдағы құқықтық сананы арттыруға ықпал етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #экстремизм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);