AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлек...

Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары

Экономика Бүгін 15:05 37
Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары

Мемлекеттік сатып алу – бюджет қаражатын игерудің ғана емес, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы мен адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Сатып алу үдерістерінің ашықтығы мен сапалы жоспарлануы қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне де тікелей әсер етеді.

Осы мәселелер «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған сараптамалық талқылау барысында қаралды. Кездесуде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.

Талқылауда шағымдарды қараудың жаңа тәртібіне ерекше назар аударылды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес сатып алу нәтижелеріне қатысты шағымдарды тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы қарайды. Қатысушылар бұл тәртіптің мүдделер қақтығысына қатысты тәуекелдерін атап өтіп, шешімдерді тәуелсіз бағалау және шағымдарға берілетін жауаптардың объективтілігін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтты.

Мемлекеттік сатып алудың сапасы көбіне техникалық ерекшелік пен сметаның дұрыс әзірленуіне байланысты. Шағын мемлекеттік мекемелерде бейінді мамандардың жетіспеуі құжаттарды дайындау кезінде қиындықтар туғызып, сатып алу рәсімінің бастапқы кезеңінде қателіктер мен тәуекелдердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты күрделі сатып алулар кезінде кәсіби ұйымдарды тарту немесе техникалық сүйемелдеуді орталықтандыру ұсынылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларының негізділігі мәселесі көтерілді. Қатысушылар жауапкершілікті белгілеу кезінде бұзушылықтың сипатын, қасақана жасалғанын, келтірілген залалды, шарттың құнын және қайталануын ескеру қажеттігін атап өтті.

Мамандардың кәсіби даярлығын арттыру да маңызды бағыттардың бірі болды. Оқыту бағдарламаларын практикалық тұрғыда жетілдіріп, нақты жағдайларды, жиі кездесетін қателерді, сот практикасын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау тәсілдерін қамту ұсынылды. Сондай-ақ сатып алуларға жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тиімділігі атап өтілді.

Талқылау барысында тауарларды жеткізу мерзімдерінің нарық жағдайына сәйкестігі де сөз болды. Шетелден жеткізілетін техника үшін 15–30 күндік мерзім әрдайым жеткілікті бола бермейтіндіктен, қоймада бар тауарларға қысқартылған мерзім, ал тапсырыс бойынша жеткізілетін жабдықтарға 60 күнге дейінгі мерзім белгілеу ұсынылды. Бұл адал өнім берушілер үшін тең жағдай қалыптастырып, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сараптамалық талқылау қорытындысында мемлекеттік сатып алудың ашықтығы конкурс жарияланған сәттен емес, қажеттілікті дұрыс жоспарлау, сапалы техникалық ерекшелік әзірлеу және бюджетті негізді қалыптастырудан басталатыны атап өтілді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру үшін тек бақылауды күшейту жеткіліксіз. Бұл бағытта кәсіби оқыту, әдістемелік қолдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, цифрлық ашықтық және мемлекеттік органдар, тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасындағы тұрақты диалогты қамтитын кешенді тәсіл қажет.

«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры А.Көбеева

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік сатып алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күніне орай Алматыда 2 500 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңке өтті

Бүгін 15:35

Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Бүгін 15:31

Алматыда «Almaty Ustazy» байқауының финалы өтті

Бүгін 15:27

«Ажарлы Алматы»: Қала күніне орай еліміздің әр өңірінен келген суретшілер Алматыны шығармасында бейнеледі

Бүгін 15:23

Denis Ten Memorial Challenge қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);