AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Almaty Ustazy» байқауының финалы өтті

Алматыда «Almaty Ustazy» байқауының финалы өтті

Алматы 17.09.2026, 15:27 237
Алматыда «Almaty Ustazy» байқауының финалы өтті
Алматы әкімдігі

Биыл кәсіби додаға қатысуға 984 педагог өтінім беріп, олардың арасынан 11 үздік мұғалім финалға жолдама алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда жас педагогтер арасында өтетін «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалдық кезеңі өтті.

Қатысушылар «Мен – көшбасшы мұғаліммін» тақырыбындағы авторлық жобаларын көпшілік алдында қорғап, өздерінің білім беру тұжырымдамалары мен педагогикалық идеяларын таныстырды. Сондай-ақ «Ашық мінбер» алаңында қазылар алқасы мен көрермендердің, педагогикалық еңбек ардагерлері мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Almaty Ustazy» байқауы Алматыда алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған 36 жасқа дейінгі 10 мыңға жуық жас педагог қатысқан. Байқаудың мақсаты – талантты әрі креативті ұстаздарды анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және мұғалім мамандығының беделін арттыру.

Биыл байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде педагогтер 11 пән бойынша тестілеуден өтті, жұмыстарды 33 сарапшы бағалады. Келесі кезеңге өткен 71 педагог Алматының алты мектебінде ашық сабақтар өткізіп, нәтижесінде 11 үздік қатысушы финалға шықты.

Финал қорытындысы бойынша М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы «Almaty Ustazy» қалалық байқауының Гран-при иегері атанды. Оған 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталып, сондай-ақ халықаралық білім беру тағылымдамасына қатысу мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар жеңімпаз 6 педагог шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне орай Республика сарайында өтеді.

«Almaty Ustazy» – жас мұғалімдердің кәсіби әлеуетін ашып, жаңа педагогикалық идеялар мен заманауи білім беру тәжірибелерін қолдауға бағытталған маңызды қалалық алаң.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Бүгін 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Бүгін 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Бүгін 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);