Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ б...

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Мұны білген жөн Бүгін 12:17 45
Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты
depositphotos.com

Алматыда жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, биылғы 8-аптада Алматыда ЖРВИ-мен ауырған 14 848 адам тіркелген, оның 54,7%-ы балалар болып шықты. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері сырқаттану көрсеткіші былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 9,7%-ға төмен болған.

«Қазіргі уақытта қалада ЖРВИ мен тұмау бойынша сырқаттанушылықтың өсімі тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалап отырмыз», – деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Білім беру ұйымдарында да сырқаттанудың шекті деңгейден аспағанын, мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Брифинг барысында қаланың денсаулық сақтау жүйесі маусымдық ауытқуға толық даяр екені айтылды. Қалада дозорлық орталықтар жұмыс істейді, тұмау, ЖРВИ мен COVID-19 вирусының айналымына зертханада тұрақты бақылау жасап отырады, тест-жүйелер мен реагенттердің қоры да жеткілікті.

«Қаңтардың екінші жартысынан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша сырқаттанушылық өседі деген болжам алдыңғы эпидемиялық маусымдардың дерегіне негізделген болатын. Дегенмен әр эпидмаусымның өз ерекшелігі бар. Қазіргі таңда сырқаттанудың өсімі тіркелген жоқ, бірақ кейінірек екінші толқын болуы да мүмкін», – деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Сөз соңында спикер тұрғындарға маусымдық инфекциялар кезеңінде алдын алу жағын сақтап, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, көпшілік орындарға барған кезде барынша сақтанып жүру керектігін еске салды:

• иммунитетті күшейту: С дәруменін қабылдау, дәрігердің тағайындауымен оксолин майын қолдану;

• бұқаралық іс-шараларға баруды шектеу, бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалдап отыру, ЖРВИ-мен ауырған адамдармен байланыстан аулақ болу, маска тағып, тазалық сақтау;

• ауырған жағдайда үйде болу, өз бетінше емделмеу, медицина қызметкерін шақыру, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен немесе орамалмен бүркеу, қолды жиі жуу;

• науқас балаларды мектепке, мектепке дейінгі мекемелер мен мәдени-бұқаралық іс-шараларға жібермеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ЖРВИ #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Бүгін 11:33

Саяси науқаннан шет қалмауымыз керек: алматылық мұғалімдер референдум мен ел болашағы туралы пікір білдірді

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі