AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр 4 мың жұмысшының еңбекақы қарызы өтелді

Былтыр 4 мың жұмысшының еңбекақы қарызы өтелді

Әлеумет 31.01.2023, 05:41 1,063
Былтыр 4 мың жұмысшының еңбекақы қарызы өтелді
Сурет: Turkystan.kz

Жалпы сомасы 1,5 млрд теңге төленген. 


Өткен жылы прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкерге 1,5 млрд теңге ала алмай жүрген жалақысын қайтарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақпаратқа сәйкес, жалақы бойынша берешекті жедел өндіріп алу үшін деректер алмасу жолға қойылды, дебиторлармен жұмыс жүргізілуде және борышкерлердің мүлкін іздеу жүріп жатыр.



«Мысалы, «Тамыр» ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн теңге қарыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша кәсіпорынмен қарыздар толығымен төленіп, ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған», - делінген хабарламада.



Шетелдік жұмыс күшін тартатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауы жеке бағыт болып табылады.


Бас прокуратураның хабарлауынша, ең көп таралған бұзушылық отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудің теңгерімсіздігі болып отыр.


Анықталған бұзушылықтар бойынша 66 ұсыну енгізіліп, 228 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұдан басқа 72 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды, 150 шетелдік азамат елден шығарылды.



«Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмайды. Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшыға жалақыға үстемеақы белгіленді, 600-ден астам қызметкерге өтемақы төленді, қорғау құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 бірлік жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Әкімшілік жауаптылыққа 226 адам тартылды», - деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбекақы #қарыз #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);