ffin.kz

Буыныңыз қақсап, сүйегіңіз сырқырамасын десеңіз...

Буыныңыз қақсап, сүйегіңіз сырқырамасын десеңіз... almaty-akshamy.kz

2020 жылғы коронавирус толқынынан кейін буыны мен сүйегі қақсайтын адамдар көбейді. Дәрігерлер денсаулықты қалпына келтіру үшін көп қозғалу керектігін, әртүрлі жаттығулар жасау қажеттігін айтып жатады. Бірақ егде адамдарға қатты жаттығу да қиын. Операциядан немесе ауыр жарақаттан соң бірден оңалып кету де оңай емес.



 Қазір Алматыдағы әртүрлі ауруханалар мен шипажайларда емделуші азаматтарды пассивті жаттығу құралдарына сүйеніп, арнайы курстардан өткізе бастады. Балшықпен емдеу секілді дәстүрлі ем-дом тағы бар.



Мысалға алматылықтар барып емделетін, ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайын алайық. Онда буын ауруларын емдеудің түрлі жолы бар. Тек «Оңалту залына» айына кем дегенде 35-40 адам келіп, курстан өтіп кетеді. Соның ішінде орта есеппен 20 науқас тізесіне эндопротездеу операциясы жасалған соң ары қарай толық оңалу үшін келеді. Ал олардың  90% тізесін бүгу, жазуын жақсартып, толық емделіп шығады.




Германиядан әкелінген әртүрлі аппарат арқылы  аяқ-қолды тіреу немесе қозғалғанда жұмыс істейтін сіңірлердің жұмысын қалпына келтіреді. Аяқ-қол сынған соң гипсте ұзақ жүргенде қозғалмай қалатын иық, жамбас, тізе және тобық секілді көптеген буын қатып, тартылып қалады. Я болмаса ауыр жарақаттан соң түйіліп немесе керісінше созылып қалатыны бар. Соның бәрін қалпына келтірудің тәсілдері жеткілікті. Күш салмай, аурытпай ақырын ғана аппараттың күшімен пассивті жасауға болады.



Сонымен қатар аппараттан бөлек арнайы жаттығулардың көмегімен, онда да дәрігердің нұсқауымен, медбикенің қарауымен механикалық жаттығуларды жасауға, бұғананы, омыртқаны және тағы басқа сүйек пен сүйекті жалғап тұрған буындарды қалпына келтіруге, сөйтіп қақсау мен сырқырауды толық басып, емделіп шығуға мүмкіндік көп.



Бұл шипажайда дәстүрлі балшықпен емдеу де бар. Ол арқылы буындағы ісікті қайтарып, қан айналымын қалпына келтіреді. Шикізатты Нарынқол ауданынан тасымалдайды. Сол секілді жанартау балшығымен емдейтін әдіс бар. Оны фанго-парафин дейді. Артриттер, артроздар, бұлшықет пен сіңірдің аурысынуын, буынның ісігін қайтарады.




Жалпы буын ауруларын емдеудің бұдан басқа да түрлі тәсілдері бар. Бірақ міндетті түрде дәрігермен ақылдасып алған жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33