AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі делегация елімі...

БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі делегация еліміздегі түрмелерді тексерді

Әлеумет 10.04.2023, 19:04 1,252
БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі делегация еліміздегі түрмелерді тексерді
Сурет: Ашық дереккөз

БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің делегациясы Қазақстанға сапар жасады


Біріккен ұлттық ұйымы өкілдерінен құрылған арнайы делегация Қазақстанның түрмелері мен уақытша ұстау изоляторындағы жағдайды бақылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биыл 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің делегациясы Қазақстанға сапар жасады. Оның барысында делегация мүшелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ҚР Конституциялық сотының төрағасымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, сондай-ақ азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен, азаматтық қоғам және БҰҰ құрылымдары өкілдерімен кездесті. Делегация өкілдері түрмелерде, тергеу және уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ полиция бөлімшелері мен қамауда ұстау орындарда болып, жағдайды бақылады», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.



Оның мәлімдеуінше, БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитет делегациясы елімізге осымен екінші рет сапар шегіп отыр.



«Бұл сапар Мемлекет басшысының саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер мен ұсынымдарды жүзеге асырудағы ашықтығын әрі бейілділігін растағанын атап өткен жөн. БҰҰ-ның азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитеті 6 айдың ішінде Қазақстан Үкіметіне бас бостандығынан айырылған адамдарға қатысты азаптаудың және басқа да қатыгездік пен жазалаудың алдын алу бойынша ескертулері мен ұсынымдарын ұсынады», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #Түрме #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

Бүгін 09:44

Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Бүгін 09:42

Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қаланы халықаралық аудиторияға бірнеше тілде таныстырды

Бүгін 09:36

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды

Бүгін 08:15

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Кеше 19:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);