AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар...

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Әлеумет 22.04.2026, 20:31 200 yakiya
Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

«Almaty – менің мақтанышым» жобасын іске асыру аясында және Халықаралық Жер күніне орай Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акция өткізді. Іс-шара 22 сәуір күні Бутаковка шатқалында өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған акцияға қала жастарының белсенді өкілдері – Алматы технологиялық колледжі жанындағы «Ашық жүрек» еріктілер қозғалысының мүшелері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, сонымен қатар туған қалаға деген сүйіспеншілікті нақты іс-әрекеттер арқылы көрсететін белсенді патриотизмді қалыптастыру.

Акция барысында қатысушылар Бутаковка шатқалындағы өзен арнасын және оған іргелес аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Эколог әрі эко-белсенді Марина Яцунның жетекшілігімен еріктілер далалық жағдайда қалдықтарды дұрыс сұрыптау дағдыларын меңгерді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясының атауы суды қорғау мен ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын, оның тіршілік көзі әрі мәдени мұраның ажырамас бөлігі екенін айқындайды.

«Алматы табиғаты – баршамызға ортақ құндылық. Бүгінгі акция жастардың экологиялық өзгерістердің қозғаушы күші болуға дайын екенін көрсетті. Таулар мен тау бөктерінің тазалығы – бұл тек әсемдік емес, сонымен қатар мәдениетіміз бен туған жерге деген құрметіміздің көрсеткіші», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Almaty – менің мақтанышым» жобасы қоғамдық келісімді нығайтуға, жасампаздық құндылықтарды ілгерілетуге және қала тұрғындарын мәдени-әлеуметтік өмірге белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар сериясын жалғастыруда.

Жоба жеткізушісі: «ALEM INNOVATION» ЖК

#AlmatyMeninMaqtanyshym #ЖерКүні #АлматыныңТабиғаты #TazaQala #ТазаҚазақстан #EcoAlmaty

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 17:03

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Бүгін 11:26

БЖЗҚ жеткілікті шекті екі есе өсірді

Бүгін 10:02

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:25

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Кеше 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);