конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғырт...

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Алматы 24.06.2026, 18:24 186 yakiya
Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Алматы әкімдігі

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Бұтақты шатқалын инженерлік желілермен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылуда. Жұмыстар Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Жоба аясында орта қысымды газ құбыры мен су бұру желілері салынады. Бұл туристік инфрақұрылымды дамытуға, таулы аймаққа келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті.

Газ құбырының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым. Оның бір бөлігі болат құбырлар арқылы жер үстімен жүргізілсе, екінші бөлігі заманауи полиэтилен құбырлармен жер астына тартылады. Сонымен қатар су бұру желілерінің құрылысы қатар жүргізілуде. Бүгінде мердігер ұйым құбырлардың алғашқы бөліктерін орнатып, темірбетон құдықтарын салды.

Жобаны жүзеге асыру барысында сенімділікке, экологиялық қауіпсіздікке және инфрақұрылымның тұрақтылығына басымдық берілуде. Барлық жұмыс бекітілген жобалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде кейбір учаскеде уақытша шектеулер енгізіліп, арнайы техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралады. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);